Майдангер Дабыс Киікбай ұлы: әке ерлігінен естелік

Жаңалықтар
09.05.2019, 13:23

Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан аттанған миллиондаған жауынгердің қатарында Киікбай ұлы Дабыс та болды. Соғыс басталғанда небәрі 17 жастағы бозбала майданнан батыр болып елге оралып, осыдан бес жыл бұрын, 90 жасында дүние салыпты.

Ардагер туралы оның қызы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат және реттеу департаментінің менеджері Гүлнәр Дабысқызы сағынышты сыр шертті.

«Әкемнің тар жол, тайғақ кешуі бала кезінде басталыпты. Киікбай атам інісі Рысмағамбетпен іргелес тұрып, тату-тәтті өмір сүріп жатқанда, 1928 жылы Совет үкіметі байкулак ретінде конфискация жүргізіп, екі үйдің дүние-мүлкімен киім-кешектерін, тіпті даладағы ошақ қасында жатқан темір көсеуге дейін алып кеткен екен. Рысмағамбет ағаның сатуға әкелген 100 қаралы жылқысымен бірге өзін де қоса әкетіп, жалғыз інісінен айырылған атамыз да көп кешікпей құса болып қайтыс болыпты. Екі үйдің жандары жетім-жесір қалады.

«Өлмегенге өлі балық» демекші, жағал-жағал болып айран ұйытып жүрген күміс кәстрөл қалып қойған екен. Әжелеріміз тазалап жуғанда, жарқырап шыға келген сол кәстрөлді астыққа айырбастап, 1932 жылы елге келген жаппай ашаршылықтан аман қалған екен» деп әкесінің балалық шағынан естелік айтады Гүлнәр Дабысқызы. Хат танитын Дабыс Киікбайұлы кейін колхоз председателінің көмекшісі болады. 1942 жылдың мамыр айында аудандық Әскери комиссариатқа шақыру алған екі адамды алып барған жерінен әлгі екеуі аяқасты қашып кетіп, орнына «добровольцы» тізімімен өзі аттанып кеткенін әкелері бертінде балашағасына айтып отырады екен.

Пойызбен Кузнецк қаласына келіп Лесопромхозға ағаш дайындаумен айналысқан бір топ жасты жастары толғасын Ачинск қаласындағы әскери қалашыққа жібереді. Сол жерде әскери дайындықтан өтіп, 1943 жылдың басында сержант деген дәрежемен соғысқа аттанып, басынан аяғына дейін 2-ші Украина майданының 40-армиясының жаяу әскери сабында Украинада соғысып, Днепр өзенінің бойында бірнеше қиян-кескі ұрысқа қатысып, жеңіске жетеді. Мұздай қаруланған полкпен әрі қарай Карпат тауын бетке алады. Молдавия, Бессаравия, Трансельвания, Румыния, Венгрия, Австрия, Чехословакия қалаларын жаудан азат етуге қатысады.

«Бұл елдердің әр қаласын жаудан азат етуде жан алысқан небір ұрыстарды бастан кешірдік. 1945 жылдың 19 ақпанында Чехословакияның Чекеспеккервар қаласын азат ету шайқасында дәл алдымнан снаряд жарылып, ауыр жарақат алдым. Есімді жиғанымда, екі санитар солдаттың жетегінде қайыққа салып сүйреп бара жатқанын сездім. Одан қайтадан есімнен танып қалдым. Ертеңіне оянсам, «изоляторда» жалаңаш күйде тақтай столда жатыр екенмін, екі жағымда екі солдат жатыр, бірі өлген, екіншісі өлгелі жатыр. Мен дереу есімді жиып, столды тақылдата ұрғанымда, бір медик қыз көре сала, жүгіріп барып операция жасаған врачты ертіп келді. Ол қуанып, маған наркозды көбірек беріп, оянбағасын өліп қалды ма деп қорқып отырғанын жасырмады. «Жүз жасайсың» деп арқамнан қақты. Госпитальда жатып Жеңіс күнін қарсы алдым», – деп естелік айтады екен майдангер ұл-қыздарына.

Жауынгердің майдандағы ерлігінің айғағындай 1 дәрежелі «Қызыл жұлдыз» орденімен, 2 және 3 дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған екен.

«Соғыстан кейін әкем бел шешпей еңбек етіп, анам Пернекүл Дәуренбекқызымен 8 бала тәрбиелеп өсірді. 11 немере және 9 шөбере сүйді. Ата-анам 60 жыл бірге бақытты өмір сүрді. Бәрімізді оқытып тоқытты. Қанша қиындық көрсе де әкем ешуақытта өмірге, өткен күндеріне өкпелеп, реніш білдірген емес. Барға қанағат қылып, бала-шағасының бейбіт күнде бақытты өмір сүруін тілеп отыратын», – деп еске алады Гүлнәр Дабысқызы.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?