Поезддегі тырысқақ ауруы: эпидемияға қарсы жаттығулар өтті

Жаңалықтар
06.06.2019, 16:30
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 31 мамыры күні күндізгі 12 сағат 34 минутта Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясына келіп тоқтаған №9 «Алматы-1 – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» бағытындағы жолаушылар пойызындағы №6 купеден ақ халаттылар тырысқақ (холера) ауруына күдікті жолаушыны күтіп алды... 

Бұл бар болғаны осындай оқыс жағдай орын алса, дайын болу мақсатындағы профилактикалық оқу-жаттығу болатын. Көліктегі денсаулық сақтау департаменті ұйымдастырып, теміржол вокзалы кешені мен өзге де тиісті қызметтер атсалысқан шара сәтті өтті.

Алдын ала ойластырылған сценарий бойынша 31 мамыр күні сағат 10.45 минутта Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясының кезекшісіне №9 пойыз машинисі №6 купе вагонындағы 29 жастағы В. есімді жолаушыдан жолсеріктің сипаттауы бойынша холера ауруының белгілері анықталғанын жеткізді. Жолаушы жолсерікке тоқтамай ішінің өтіп жатқанына, құса беретіндігіне, әлсіздік пайда болғанына, бұлшық еттерінің ауырып, терісінің құрғақтанып кеткеніне шағымданған. Жолсеріктің айтуынша, жолаушы туристік сапармен Үндістанның Гоа аралында 20-29 мамыр аралығында болыпты. Ал 30 мамыр күні Алматы қаласына ұшып келіп, сол күні сағат 17.38-да жоғарыда аталған пойызға отырған. Жолда халі нашарлаған. Купеде науқаспен бірге 27 жастағы Т. есімді жолаушы болған. Вагонның өзге жолаушыларымен науқас тіл қатыспаған, тек купеден дәретханаға бару үшін шыққан.

– Жолсерік маған бір жолаушының құсқысы келіп, басы айналып жатқанын және қайта-қайта іші өте беретініне шағымданғанын жеткізді. Біз мұны шұғыл машинистке, өзіміздің оперативті бөлімге жеткіздік. Бұдан кейін науқас жолаушыны сол купесінде қалдырып оқшауладық. Қасындағы адамды басқа орынға ауыстырдық. Одан кейін 30-шы формаға сәйкес әрекет еттік, яғни, іші өтуіне, құсуына байланысты бөлек шелекке пакет кигізіп, оған хлор салып әкелдік, құсқан сайын маска киіп алып, хлор салып тұрдық. Біз жыл сайын санминимум өтіп тұрамыз, сонда әртүрлі ауруға қатысты күдікті жолаушыларды анықтағанда қалай іс-қимылға көшуіміз керек, соның бәрін оқып, меңгеріп, аттестация тапсырып отырамыз, – дейді жаттығудың сәтті өтуіне атсалысқан пойыз бастығы Рауан Сүлейменов.

Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Айгүл Қаспанованың айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын әуежай және теміржол вокзалында өткізіліп тұрады екен. Биыл бірінші рет жаңа теміржол вокзалы кешенінде өтуде екен.

«Бұл жаттығудың мақсаты, «НұрСұлтан – Нұрлы жол» жаңа темір жол вокзалында және жолаушылар пойызында айрықша қауіпті инфекцияға күдікті науқасты анықтаған жағдайда, барлық мүдделі эпидемияға қарсы қызметтермен бірлесе жұмысты жүргізу және профилактикалық шараларды өткізу арқылы дайындық деңгейін анықтау», – деп ой бөлісті Айгүл Қаспанова.

Атап өтерлігі, вокзалда және жолаушылар пойызында өзге жолаушыларды үрейлендіріп алмау үшін профилактикалық жаттығу жүргізілетіні жиі хабарланып отырды. Жалпы, аталған шара барлық медициналық мекемелер мен теміржол ұйымдарының төтенше жағдайларға сақадай сай дайын екендіктерін көрсетті. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?