Теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін түсіндірілді

Жаңалықтар
19.06.2019, 09:28

Теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін біле тұра одан өтерде қарапайым ережелерді сақтамай, бастарын қауіп-қатерге тігетін адамдар қауіпсіздігі үшін теміржолшылар қосымша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады.

Теміржолдың жағасында тұратын, әрлі-берлі теміржол арқылы қатынайтын ересектер мен балаларға арналған түрлі шаралар, рейдтер өткізу бүгінде барлық жерде ұйымдастырылып жатыр. Оның үстіне мектеп оқушылары үшін 3 ай жазғы каникул басталды.

Астана сигнализация және байланыс дистанциясы бұл бағытта арнайы жоспар құрып, кешенді түрде жұмыс жүргізуде. Мекеменің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Нұргүл Жақсыбаеваның айтуынша, олар жыл басынан бері барлығы үш жүзге жуық оқушылар мен студенттерді қамтыған бірнеше оқу орнында кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. «Сонымен қатар дауысзорайтқыш құралдардың жарамдылығын тексеріп, өткелден, жолдан өткен жолаушылар үшін дауысзорайтқышпен айтылатын хабарламалардың анықтылығына мән бердік. Жұмысшылармен жоспардан тыс нұсқаулық өткізіліп отырады. Оларға осы нұсқаулық барысында өткелдер мен жолдарда, перегондарда немесе соларға жақын жерлерде бөгде адамдар мен балаларды кездестірсе, олармен профилактикалық жұмыс жүргізуі міндеттеледі. Сонымен қатар қолданыстағы бейнебақылау камераларының жарамдылығы қаралады. Бейнебақылау камералары кеңседе, сұрыптау дөңесте және эксплуатациялық техникалық қосында бар», – дейді жетекші инженер.

Ал Астана электрмен жабдықтау дистанциясының еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жетекші инженері Аян Мадиевтің айтуынша, олар жыл басынан бері 13 мектеп пен колледжге барып, барлығы 2798 қатысушыға темір жолдан өту ережесін түсіндірген. Бұл жұмыстар Қырқыншы, Тастақ, Сарыоба, Төңкеріс, Еркіншілік және Нұр-Сұлтан станцияларындағы оқу орындарында жүргізілген. Жоспарда атқарылуы тиіс бірнеше тармақтардың қатарында түсіндіруден бөлек перрондарды, жол алқымдарын, жолаушылар көпірлерін жарықтандыру жұмыстары да жасалған.

Теміржолшылар жазғы демалыс маусымы басталуына орай одан әрі сақтық шараларын күшейтіп, балалар мен олардың ата-аналарының темір жолдан өтерде аса сақ болуын сұрайды. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?