Қарағанды вокзалы жыл соңында ашылады

Жаңалықтар
15.07.2019, 10:04

Қарағанды вокзалында ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Күрделі жөндеуден кейін ғимарат кең әрі қолайлы болады және бұл ретте бастапқы бейнесі сақталады. Жұмысты Қазақстан темір жолының өкілдері мұқият қадағалап отыр.

– Біз үшін басты міндет – ғимараттың тарихи бейнесін сақтау. Сонымен бірге вокзалды заманауи нормалар мен талаптарға сәйкес жасау. Сыртқы қаптамасымен қиындықтар туындаған жоқ. Сәулетшілер қойылған міндетті орындауға мүмкіндік беретін материалдар мен элементтерді іріктей алды. Ғимараттың ішін қайта құру күрделі болды. Өткізу қабілетін ұлғайту үшін, сонымен бірге лаңкестікке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды ескеру үшін бізге жапсарлас құрылысты қосуға тура келді. Алайда, қарағандылықтарға бұл жөнінде алаңдау қажет емес, себебі вокзал сыртынан жөндеуге дейінгі түрімен барынша ұқсас болады, – деді «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылыс жөніндегі директордың кеңесшісі, техникалық сарапшы Елубай Орымбаев.

Жобаны әзірлеушілер барлық детальдарды ескеруге тырысты. Алайда, жұмыс барысында аздап өзгерту енгізуге тура келген. Жабын арқалықтары жарамсыз екені анықталды және оларды толығымен ауыстыру керек болған. Перронда су жаңбырдан және қар жауғаннан кейін жертөледе жиналмас үшін қосымша нөсер кәрізін жабдықтауға тура келді. Сонымен бірге ғимаратта кәріз бен барлық электр желілері ауыстырылды.

– Бұл қосымша шығынды талап етпеді. Барлық жұмыстарды ғимарат қайта құрудан кейін көп жыл қызмет ететіндей барынша сапалы жасауға тырысамыз. Кейбір детальдарды басқа вокзалдарды қайта құру тәжірибесіне қарап ескереміз. Мысалы, НұрСұлтан ескі вокзалында жерасты конкорсты өтетін жер орнатылғанда ондағы эскалаторлар тек -10 градус Цельсий температураға дейін жұмыс істей алатыны анықталды. Өтетін жерлерді жылытуға және қосымша жөндеуге шығындалуға тура келді. Қарағанды вокзалында жобада өтетін жердің жылытылуы бірден қарастырылды, – деп түсіндірді сарапшы.

Оның айтуынша, вокзалды қайта құру бойынша жұмыс сапасы үнемі қадағалануда. Жобаға сәйкес, күрделі жөндеуден соң оның өткізу қуаты екі есе ұлғайтылады. Ғимаратта ана мен бала бөлмелері және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған жеке әжетханаларымен демалыс бөлмелері ашылады. Вокзал эскалаторлармен және лифттермен жабдықталады, онда заманауи буфет салынады. Теміржол жолдарына шығу қолайлы болады – оған жабық жерүсті өткелі бойынша өтуге болады. Жұмысты толығымен аяқтау осы жылдың соңына жоспарлануда. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?