Алматыда айналма теміржол салына ма?

Жаңалықтар
19.07.2019, 09:18

Оңтүстік астана Алматының соңғы жылдары шектен тыс артып кеткен жүктемесін азайтып, өткізу қабілетін арттыру мақсатында қала сыртынан айналма теміржол салынады деген әңгіменің ұшы шыққалы бірнеше жыл. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі келесі жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік схемасы бойынша Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталады деген мәлімет таратты.

Демек, 74 км құрайтын айналма жол жобасы – алыпқашпа сөз емес, шындыққа айналмақ. Жобаны іске асыру арқылы орасан зор тиімділікке қол жеткізілетіні де есептелген. Аталған айналма жол желісі оңтүстіктегі теміржол телімінің жүктемесін жеңілдетіп, жүктерді жеткізу мерзімін орташа есеппен 2 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді деп болжануда.

Жалпы, Алматы станциясын айналып өтетін 74 шақырым теміржол желісі жобасының құрылысын салуға дайындық былтырдан басталыпты. Қазіргі уақытта жобаның техникалықэкономикалық мемлекеттік сараптамасы жүргізілуде. Теміржол желісін салу құны 96,6 млрд теңгені құрамақ. Жоба құрамына тораптық станцияларды салу және реконструкциялау, бекет пен желілердің құрылысы, оларға электр жүйесін тарту, т.т. жұмыстар кіреді. Ал бұл дегеніміз, Алматы сынды халық тығыз орналасқан аймақта теміржолдың өндірістік аумағы кеңейіп, оған қызмет көрсететін теміржолшылар үшін қосымша көптеген жұмыс орындары ашылады деген сөз. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік схемасы бойынша бұған дейін Шар-Өскемен теміржолы салынып, пайдалануға берілгенін айтып өтсек болады. Яғни, бұл бағытта бізде тәжірибе баршылық, жекеменшік инвестиция тарту арқылы жүзеге асатын жоба өз жемісін беретіні хақ.

Деректерге көз салсақ, аталған темір жол желісі құрылысының үш нұсқасы қарастырылған. І нұсқа – ст.Шамалған – ст.Қайрат (ұзындығы 45,0 км), ІІ А нұсқа – ст. Құрқұдық – ст. Жетіген (ұзындығы 53,1 км), ІІ Б нұсқа – ст. Құрқұдық – ст.Жетіген (ұзындығы 74,05 км), ІІІ нұсқа – ст. Қазыбек бек – ст. Жетіген (ұзындығы 72,0 км).

Мәліметтерге сүйенсек, облыс әкімдігі осы Қазыбек бек – Жетіген станциясы аралығын қамтитын үшінші нұсқаны қолайлы көреді. Ол нұсқаның артықшылығы мен басымдылығы сол, жобаланған темір жол желісінің белдеуінде елді мекендер, әлеуметтік және өндірістік, стратегиялық маңызы бар нысандар жоқтың қасы, жер учаскелерінің басым бөлігі уақытша жер пайдалану құқығымен берілген екен. Бұл жағдайлар өз кезегінде жер учаскелерін иеліктен шығару рәсімдерін жеңілдетіп, мемлекет тарапынан төленетін өтемақының азаюына және құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауға септігін тигізеді деп болжауға болады. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?