Теңіз тасымалынан табыс артқан

Жаңалықтар
23.07.2019, 11:54

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ батыс өңіріндегі филиалдарының бірі – Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі ағымдағы жылдың алты айын жоғары көрсеткіштермен аяқтап, жоспар үдесінен табылып отыр.

Айталық, жүк айналымы жоспарының орындалуы 106% құрап, 3135,8 млн ткм неттоға жетіп жығылған. Әсіресе, түбектік теміржолшыларды порт арқылы теңіз тасымалының артып отырғаны қуантады. Маңғыстау мұнайлы өлке ғана емес, қарт Каспийдің жағалауында орналасуы да осы өңірдегі бөлімшеге біраз артықшылыққа ие болуға мүмкіндік беріп отыр. Мұнда негізінен екі теңіз порты жұмыс істейді. Соның бірі Ақтау халықаралық теңіз портына бара қалсаңыз, ондағы «Ақ-Бидай», «Солтүстік» астық терминалдарының жұмысы қашан да қауырт екеніне куә болар едіңіз.

Мәселен, өткен алты ай ішінде «Солтүстік» терминалы бойынша 8191 астық тасымалдаушы құрамнан жүк түсіріліп, 141 кемеге 525,1 мың тонна астық тиеліп, жөнелтілген. Ал «Ақ-Бидай» терминалы бойынша 6152 астық тасымалдаушы құрамнан жүк түсіріліп, 420,5 мың тонна астық 109 кемеге тиеліп, шетел асқан. Ал былтыр осы уақытта 94 кемеге 413,6 мың тонна астық тиелген екен. «КаспианГлобал» терминалына келсек, бұл жерден 167 вагоннан жүк түсіріліпті. Бейнеу астық терминалы бойынша 59 вагоннан 3,8 мың тонна астық түсірілген. Сөйтіп, «Ақ-Бидай» және «Солтүстік» терминалдары бойынша барлығы 250 кемеге 945,6 мың тонна астық тиеліп жөнелтілген. Өткен жылға қарағанда биыл кеме саны 6 бірлікке артық болғанымен, астық көлемі 13,8 мың тонна кем екен.

«Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Түркістан» фидерлік кемесінің арақатынасы қайта қалпына келтіріліп, сол кезден бастап бірінші шілдеге дейін 11 рет кеме қатынасы болып, онда барлығы 633 контейнер тиелген. Соның 443 контейнері ТХКБ желісі бойынша жөнелтілген.

Осы ретте, жүк тасымалдаудың қосымша көлемін тарту және компаниялардың кірісін арттыру, клиенттерге (жүк жөнелтушілерге, алушыларға) қызмет көрсету сервисі мен сапасын жақсарту бойынша тасымалға келе жатқан вагондардың жедел жылжуына бақылау белгіленген.

Теміржол көлігімен тасымалды жүзеге асыратын жүк қожайындарымен жүргізілген жұмыс нәтижесіне келсек, жүк тасымалдаудың қосымша көлемін тарту бағытында ауқымды жұмыстың атқарылғанын көреміз. Мәселен, бүгінде «Каспиан Карго Сервисез» кәсіпорны тарапынан ірі-габаритті емес жүктің арнайы транспортерларда 179 данасы 4 вагонға тиеліп, бөлек локомотивпен Ерсай станциясынан Құлсарыдағы «Теңізшевройл» компаниясының үшінші буынды зауытын салуға тасымалдана бастағанын көреміз. Сонымен қатар, Құлсары станциясынан TENGIZCHEVROIL пропан-бутанын Транскаспий халықаралық көлік бағдары Батуми портына дейін, сондай-ақ, Каспий теңізі арқылы Құрық портынан Грузияның Альят портына экспорттық маршруттардытасымалдау жоспарлануда.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?