Кесте бойынша жөнелтуді ұсынады

Жаңалықтар
16.08.2019, 11:39

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі экспортқа астықты бағдарлық жөнелту технологиясы есебінен вагондарды өңдеу уақытын шапшаңдатуды және жүк айналымын жақсартуды көздеп отыр.

Бөлімшенің өз клиенттеріне ұсынып отырған технологиясына келсек, ол бойынша жүк пойыздары діттеген жеріне сұрыптау станцияларында өңдеуден өтпей бекітілген кесте бойынша (жолаушы пойыздары секілді) жүріп бармақ. Осылайша, Сарыағаш, Құрық сынды шекаралық пункттерде вагондар тез сұрыпталып, құжаттамалар тез өңделетін болады. Ал бұл өз кезегінде, әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып, мультимодалды тасымалды қамтамасыз етуге, Ақтау порты арқылы тұрақты фидерлік қатынасты, сондай-ақ, Транскаспий халықаралық көлік бағдарында сервисті қамтамасыз етуге оң әсерін тигізбек.

– Құжаттарды уақытылы ресімдеп, құрамдарды жасақтау үшін Ақмола бөлімшесінде оперативті диспетчерлік айналым ашылып отыр. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік аумақтық қызметтерімен бірлесе, астық және астық өнімдерін тиеп жөнелту, тасымалдау бойынша іс-әрекеттерді қамтамасыз ету және үйлестіру мәселелері бойынша штаб құрылды. Штаб отырысы күн сайын трейдерлердің қатысуымен өтіп тұрады, – деп ақпар берді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Рахимжанов.

Осыған байланысты «Астық тобы» шұғыл орталығының жұмысы жаңартылған. Олардың басты міндеті – жүк жөнелтушілерден келіп түскен өтінімдердің ашық есебін жүргізу, жылжымалы құрамның уақытылы берілуіне, астық тасымалы жоспарының орындалуына, вагондардың қозғалысына, олардың жүк тиеу орындарындағы жұмысына бақылау жасау.

Осы ретте, атап өтерлігі, Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі экспортқа астықты және астық өнімдерін жөнелту бойынша көшбасшы болып отыр. Қазіргі кезде 123 элеватордың жаңа егін астығын қабылдауға 68-і дайын тұр.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?