Нұр-Сұлтан станциясы қауіпсіздік күзетінде

Жаңалықтар
21.08.2019, 15:22

Нұр-Сұлтан станциясында жылжымалы құрамның адам мен мал басуы оқиғаларының алдын алу, профилактикасы бойынша биыл жыл басынан бері талай жұмыстар жүргізілді.

Станцияның қауіпсіздік бойынша бас маманы Маржан Айтмағанбетованың айтуынша, аталған мерзім ішінде № 21, 26, 36, 49, 61 мектептер мен колледждерде темір жол маңайында жүргенде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша 1531 адам қатысқан 10 кездесу өткізген. Сонымен қатар мал жаю ережелерімен жолға жақын елдімекендерде 12 рет кездесу ұйымдастырылып, оған 236 тұрғын қатысқан. Темір жолға жақын жүргенде сақтайтын ережелер жадынамасы 407 адамға таратылған.

– Жыл басынан бері желілік тәртіп сақшылары, ӘТЖК, ТЧЭ11, ЛВЧДР-9 мекемелерімен бірлесе 14 рейд өткіздік. Соның барысында темір жолдан өту ережесі бұзылған 51 ескертпе берілді. Осы мерзім ішінде станция жұмысшыларымен 7 техникалық сабақ өткізіліп, оларға ҚР бойынша қайғылы жағдайлар туралы ақпараттар берілді, қауіпсіздік белгілерінің болуы мен станция парктерінің жарықтандырылуы бойынша тексерулер ұдайы жүргізіліп отырады,– дейді Маржан Айтмағанбетова.

Оның айтуынша, теміржол аймағының қауіптілігі туралы 11 белгі жаңартылып, қосымша 13 белгі қойылған. Жолаушылар өткелі, қызметтік жолдар, жолаушылар платформасы талапқа сай, парктің жарықтандырылу сапасы түнгі уақытта арнайы люксметрмен тексеріледі. Қажет болғанда оларды жаңартуға тапсырма беріледі. Бұған қоса малға қарсы қоршаудың баржоғына, жолаушылар өткеліне, станция шекарасында ескерту белгілерінің болуына 7 рет тексеру жүргізілген, 1 ескерту беріліп, олқылықтың орны дереу толтырылған. Сонымен қоса темір жол арқылы адамдар көп жүретін жерлерде дауыс зорайтқыш байланыстың жарамды болуы да басты назарда. Бұл бойынша 8 тексеру болған, кемшіліктер дер кезінде жойылған. Станция кезекшілері дауыс зорайтқыш байланыс арқылы белгіленбеген жерлерден темір жолды кесіп өтудің аса қауіпті екенін, пойыздардың келуі мен кетуін, маневрлік жұмыстардың жүріп жатқанын ұдайы хабарлап отырады.

Нұр-Сұлтан станциясы бойынша бөгде адамдардың қауіпсіздігі мен пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін бірнеше телім бар. Мамандар адамдардың толассыз ағыны әсіресе, станцияның тақ паркі арқылы К. Кемеңгерұлы көшесі жағынан вокзалға қарай және станцияның сұрыптау паркі арқылы Ақжол көшесі жағынан вокзалға қарай, станцияның дөңес алды паркі арқылы «Лесозавод» шағын ауданынан Республика даңғылына қарай көп екенін айтады. Сонымен бірге автокөліктер жолымен түйісетін 804 км және 805 км-дегі өткелдер бойынша да адам ағыны көп. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?