Достық станциясында техникалық кабинет ашылды

Жаңалықтар
26.08.2019, 14:21
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Достық станциясы филиалының ұжымы жақында өз күштерімен жаңа техникалық кабинет жасақтап, қызметкерлердің білімін жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейтті.

Станцияның өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы Батыржан Ахметжановтың айтуынша, бұрын техникалық персоналды оқыту үшін техникалық сабақтар жоспарлау залында өткізіліп келді. Енді, міне, өз қолдарымен жасақталған жаңа кабинет станция макеттерімен, плакаттар және көрнекі құралдармен жабдықталды.

– Әлемдік және отандық тәжірибе қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы мен темір жол көлігіндегі қайғылы жағдайлардың 60 пайызы техникалық персоналдың кесірінен болатынын көрсетті. Мұның бәрі қауіпсіздік бойынша мәселелерде кәсіби дайындықтың төмендігі, төтенше жағдайларға дайын болмау, маманның техникалық қауіпсіздікті сақтауға деген ұстанымдарының әлсіздігі, адамдардың дағдарыс жағдайына жиі түсуі, жеке психикалық ерекшеліктері, атап айтқанда, жүйке жүйесінің бұзылуы, өзін-өзі бақылаудың деңгейі, өз іс әрекетіне талдау жүргізу мен оның салдары, коммуникативтік қабілеттерге байланысты туындайды, – дейді Б.Ахметжанов.

Расында өндірістік қауіпсіздік деңгейі мен оның салдарының салмағы, әрбір нақты өндірістік жағдайдың тәуекел деңгейі факторлар кешеніне байланысты болады, сондай факторлардың бірі – жұмысшылардың кәсіби дайындығының деңгейі. Сондықтан оларды оқытудағы басты міндеттердің бірі – қызметкерлерді апатты жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету. Оқыту барысында апатты жағдайлар мысал етіле отырып, қызметкерлерге сондай оқиғалардың бірнеше нұсқалары туралы мәліметтер беріледі. Ондай апаттар ұжым болып талқыланып, талданып, себептері зерттеледі. Оны талдау үшін де теміржолшыға мықты тәжірибе керек. Осындай оқыту жұмыстарының нәтижесінде жұмысшылар сын сағаттарда жағдайдан шыға алуға бағытталған «бағдарлама» жасауды үйренеді. Техникалық кабинетте аталған шараларды өткізуге барлық керекті жабдықтар алынған. Заманауи оқыту құралдарымен жарақталған кабинет білімін жетілдірушілер үшін жайлы әрі жарық.

Өндірістік қауіпсіздік және экология секторы бастығының айтуынша, жұмысшыларды оқыту бірнеше түрде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, іскерлік ойындар, қайтадан келген бұйрықтар, нұсқаулықтар, факсограммаларды зерттеп, оқу, еңбек қорғау бойынша білім алу және тест тапсыру, станция жұмысшыларының еңбек қызметі үдерісінде туындаған жағдайларды талдап, тарқату сынды шаралар өткізіледі. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті