Бердібек Сапарбаевты «Үздік әлеуметтік әріптес» белгісімен марапаттады

Жаңалықтар
26.08.2019, 11:02
Оқуға 2 мин

Нұр-Сұлтан қаласында Бақытжан Әбдірайымның төрағалығымен ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында ҚРКФ төрағасы «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2018-2019 жылдарға арналған жаңғырту жол картасы» бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқыды. Бұл құжатта әлеуметтік әділеттілікті насихаттау және еңбеккерлердің құқығын қорғау шаралары негізге алынған.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтар федерациясы қазақстандықтарды Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа шарттарына әлеуметтік бейімдеу үшін қозғаушы күш болуы тиістігін атап өтті», - деді өз сөзінде Б. Әбдірайым.

Осы орайда Федерация басшысы кәсіподақтар қызметіндегі өзекті мәселелерге, соның ішінде ұжымдық шарттардың санын арттыру, еңбек дауларын шешу, еңбек қатынастарын заңдастыру, жұмыс орындарын сақтау және қауіпсіз еңбек шарттарын қалыптастыру мәселелеріне тоқталып өтті. Жол картасының басым бағыттары, соның ішінде ХЕҰ-ның стандарттарын насихаттау және кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік бастамаларының өзектілігі және өз уақытына сай екендігі, сонымен қатар, кәсіподақтардың басты құндылықтарымен үйлесім табатындығы аталып өтті.

Бас кеңестің мүшелері елімізде орын алып жатқан әлеуметтік-еңбек реформалары уақыт талабы деп санайды. Бұл реформалар кәсіподақтар қызметін жаңғырту және Еңбек адамын қорғаудағы тиімділігін арттыру үшін бағыт-бағдар болуы тиіс. Осы ретте әлеуметтік әріптестіктің ерекше рөлі мен әріптестікті нығайту маңыздылығы көрсетілді.

Бақытжан Әбдірайым айтып өткендей, ҚР Үкіметі, ҚРКФ және «Атамекен» ҰКП арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісім, сонымен қатар, 21 салалық және 16 аумақтық келісімдер кәсіподақтардың үшжақты комиссия, дағдарысқа қарсы штаб, қоғамдық және үйлестіру кеңестерінің отырысына кеңінен қатысуына мүмкіндік берді.

Үшжақты комиссия аясында мүше ұйымдар тиісті салалардағы кәсіподақ ұйымдарының қызметін біріктіре алды. Әлеуметтік әріптестермен өзара ынтымақтастықтың айқын дәлелі - Кәсіподақтар федерациясына мүше ұйымдар санының 18-ден 23 салалық кәсіподақтарға артуы болып табылады. 40 мың еңбеккерді қамтитын 500-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды.

ҚРКФ Бас кеңесінің отырысында кәсіподақ мүшелерінің саны 45 мыңға жуық «QAZMED» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Федерация құрамына қабылданды.

Жұмыс нәтижелерін қорыта келе, Бас кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың әлеуметтік әріптестік тараптары арасында өзара тиімді байланыс жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалай отырып, «Үздік әлеуметтік әріптес» белгісімен марапаттады.

Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан зор үлестері үшін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты осы белгімен марапаттау туралы шешім қабылданды.

Отырыс соңында ҚРКФ басшысы Бас кеңес мүшелерін кәсіподақтардың ынтымақтастығы мен басты құндылықтарын кеңінен насихаттауға шақырды.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды