Пойызға кешігіп секіріп мінген ер адамды жауапқа тартты

Жаңалықтар
03.09.2019, 12:20
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Елімізде темір жолдың рұқсат етілмеген жерлерінен өткені үшін айына жүздеген адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады екен. Сондай-ақ, жуырда Атырауда мынадай да оқиға тіркелді.

Көлік полициясы қозғалып бара жатқан «Атырау-Алматы» пойызы вагонының басқышына секіріп мінген азаматты жауапқа тартты. Көліктегі полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Бәйкеновтің айтуынша, «Атырау-Алматы» пойызының жолсерігі пойыздың тоқтату кранын басқаны анықталған. Жолсерік жүріп бара жатқан пойыз вагонының басқышына секіріп мініп, тұтқаға жармасқан ер адамды көрген соң бұл әрекетке барған екен. Ол жолаушының өміріне қауіп төнді деп ойлап тоқтату кранын басуға мәжбүр болған. Сәйкесінше пойыз 5 минут тоқтап тұрған. Кейін белгілі болғанындай, 41 жастағы ер адам пойызға кешігіп қалған. Сондықтан жүріп бара жатқан пойызға жармасқан. Ал егер қолы тұтқаға ілінбей немесе аяғы тайып кетсе ше? Осындай көзсіз тәуекелге барам деп вагон дөңгелегінің астына түсіп ажал құшып жатқандар аз емес...

Сондықтан, ол азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 560-бап, 1-бөлімі («Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды заңсыз тоқтату») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және ол 5 АЕК көлемінде (12 625 теңге) айыппұл төлейтін болды. Жалпы, тоқтату кранын жолаушы кешіккен жағдайда қолдануға болмайды. Оны апаттың алдын алуда, пойыз құрамы жолдан шыққан немесе жолаушылар өміріне қауіп төнген жағдайда қолданатынын еске саламыз. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?