Жүк тиелімі: соңғы алты жылда – рекордтық көрсеткіш

Жаңалықтар
29.01.2020, 15:22
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жылы қазақстандық теміржол желісі бойынша 255 млн тонна жүк тиеліп, бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда 261 мың тоннаға артық болып отыр. Аталған көлем соңғы 6 жылдағы рекордтық деңгей болып саналуда. Жүк тиелімінің үштен бір бөлігі – 82,5 млн тоннасы экспортқа шығарылған. Компанияның негізгі қызметінен түскен табыс 2019 жылы 930 млрд теңгеден асып және өткен жылға қатысты 8% өскен.

Бұл туралы 28 қаңтар күні «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәуірбаевтың қатысуымен өткен ұлттық тасымалдаушы компанияның 2019 жылдағы жұмысын қорытындылаған және ағымдағы жылға қойып отырған мақсат-міндеттері сөз болған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингте мәлім болды. 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысының айтуынша, 2018 жылға қарағанда былтыр айрықша өсімді химиялық тыңайтқыштар (+9), темір кені (+6), түрлі-түсті кен(+3), құрылыс және мұнай жүктерінің (+1) тиелімінен байқауға болады. Өткен жыл қорытындысы бойынша 2018 жылмен үйлесімде тарифтік жүк айналымы 1,8% ұлғайып, абсолюттік мәнде 224 млрд тонна-километр неттоны құрады. 

Былтыр барлығы 284 млн тонна жүк тасымалданып және ол арғы жылғымен салыстырғанда 0,3% жоғары болып отыр. Соның ішінде, экспорттық тасымалда өсім 0,1% жетсе, импортта 9,3% асқан. Транзиттік контейнерлік тасымал көлеміне келсек, ол 645,9 мың ЖФЭ-ні құрап, 2018 жыл көрсеткіштерінен 20%-ға жоғары болып отыр. 

БАСЫМДЫҚТА – ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ЖҮКТЕР 


Ұлттық тасымалдаушы жыл сайын әлеуметтік маңызға ие жүктерді, атап айтқанда, астық пен көмірді коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен ел тұрғындарына толық көлемде жеткізіп беру міндетін абыроймен атқарып келеді. Бұл шаруаны кедергісіз атқаруға бүгінде жылжымалы құрам паркі толық жеткілікті екен.


– 2019 жылдың қорытындысы бойынша көмір тиелімі 102,7 млн тоннаны құрады. Алайда, бұл көрсеткіш алдыңғы жыл дерегімен салыстырғанда 2% кем. Оған себеп, жүк жөнелтушілер тарапынан халықтың қажеттілігі мен еліміздің жылу-электр орталықтарына коммуналды-тұрмыстық отынды тиеуге өтінімнің болмауы. Тағы бір маңызды фактор ретінде «Арселор Миталл Теміртау» зауытында болған апатты айтар едік, – деді Қайрат Сәуірбаев.


Мұнан кейін басшы сөзі астық тасымалына ойысты. Өткен жылы астық тиелімі 10,4 млн тоннаны құрапты, бірақ 2018 жылмен салыстырғанда жоспардың орындалуы 94% құраған. Осы ретте, Қайрат Әбенұлы көрсеткіштің төмендеп кетуіне ықпал еткен объективті факторлардың бірін егіннің бітік шықпауымен байланыстырса, екіншісін, АҚШ санкциясына байланысты Иран бағытына экспорттың азаюымен түсіндірді.


Сонымен қатар Түркия мен Италия бағасы төмен және тасымалдау қашықтығының қысқалығына байланысты Ресей астығына көшкен көрінеді. Ал Ауғанстан болса мейлінше арзан пәкістандық астыққа бағдарланған.


– Тасымалдаушы мен қазақстандық вагон иелерінің, атап айтқанда «Қазтеміртранс» АҚ мен «Астықтранс» АҚ үйлесімді жұмысының арқасында көмір тұтынушылардың, сонымен қатар көмір разрездері тарапынан ешқандай да бір ескерту болған жоқ, астық тасымалына өтініштер 100% қамтамасыз етілді, – деп нақтылай кетті Қайрат Сәуірбаев.


2019 жылы жекеменшік вагондар айналымын қысқарту есебінен оларды пайдалану тиімділігіне қол жеткізу үшін жүк тиелген вагондар ағынын бағдарландыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Айталық, Атырау облысының Қарабатан станциясынан Балтық теңізі порттары арқылы Лужская станциясына күкірт жөнелтудің экспорттық бағдары жолға қойылса, биыл Шұбаркөл разрезінен қазақстандық көмірдің экспорттық көлемін Қара теңіз портына бағдарлау бойынша жұмыстар атқарылған.


САПА ДА СЫРТ ҚАЛҒАН ЖОҚ


«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директоры сандық қана емес, сапалық көрсеткіштерді де жақсартуға айрықша мән беріліп отырғанын атап өтті. Мысалы, тартымдық жылжымалы құрамды пайдалану сапасын жақсартуға қол жеткізіліпті. Мәселен, өткен жылға қарағанда локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі 1,5% өссе, локомотивтің ортатәуліктік жүрісі 1,6% жақсарған, ал жүк тасымалында пойыздың орташа телімдік жылдамдығы 0,9% артқан. Сапалық көрсеткіштерді жақсарту бағытында атқарылған шаралар нәтижесінде компания былтыр алдыңғы жылға қарағанда отынды 51 мың тоннаға аз мөлшерде сатып алған. Сөйтіп, ақшалай көрсеткіште үнем 10,7 млрд теңгені құраған.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты