Үш күнде 4500 текше метр қар шығарылды

Жаңалықтар
30.01.2020, 19:53
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қаңтар айының соңғы аптасында үсті-үстіне жауған қар мен ақ түтек боран құрсауында қалған елордада төтенше жағдай қалыптасты. Қарға адым жер көрінбей, оппа қардан көліктер мен адамдар қозғалысы қиындап, коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазартуға үлгермей жатты. Көмекке қала тұрғындары, түрлі мекемелер мен ұйымдар, еріктілер келді.

Солардың қатарынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық аппаратының қызметкерлері де табылып, 27-29 қаңтар аралығында қар тазалау жұмыстарына 580-ге жуық сала қызметкері қатысты.

Жалпы, солтүстік аймақта қалыптасып отырған күрделі ауа райы жағдайына, яғни ұзаққа созылған ақ түтек боран мен қалың қардың төпелеп жаууына байланысты Қырқыншы станциясы мен Нұр-Сұлтан торабы бойынша теміржолдар мен бағыттауыш бұрмаларды қардан тазартуға қатысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің бұйрығы шыққан болатын.

Осы жеделхатты негізге ала отырып, Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы аумағына жиналған Орталық аппарат қызметкерлеріне алдымен арнайы инструктаж жүргізіліп, сосын қар тазалау құрал-саймандары таратылды.

– 27-28 қаңтар күндері Орталық аппараттан 289 адам шықты. Олар НұрСұлтан станциясы және Қырқыншы станциясы аумағында теміржолдарды және бағыттауыш бұрмаларды қардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Осы күні 2603 текше метр қар шығарылып, 23 платформаға тиелді. Ал 29 қаңтар күні жаңа телімдер ге тағы да 289 адам шығып, рельсті жолдарды қар құрсауынан тазалап, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне үлестерін қосты.

Бұл жолы олар 1893 текше метр қар жинап, 20 платформаға тиеді. Нұр-Сұлтан станциясында қар тазалаушылар таңғы 9.00-ден 14.30-ге дейін, ал Қырқыншы станциясында таңғы 9.00-ден 16.00ге дейін жұмыс істеді. Қармен күрес шарасына қатысушылар түскі мезгілде ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, – деп ақпармен бөлісті шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаев.

Шараға қатысқандардың бірі, Орталық аппарат қызметкері Асқар Исақов қар тазалау жұмысына қатысқанына риза, күні ұзақ кеңсе жұмысынан арылып, таза ауада дене қыздырып жұмыс істеген азаматтардың бойы сергіп, көтеріңкі көңіл күйде болғанын жасырмады.

«Орталық аппарат қызметкерелерін осындай шараларға қатыстыру арқылы жол бойында жүрген жолшылардың жағдайын өз бойларынан өткізуге, проблемаларын жақын ұғынуға мүмкіндік береді. Бұл оларға өз кезегінде осы мәселеге қатысты дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізуі тиіс» деді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты