Еріктілер қызметіне ел риза

Жаңалықтар
11.06.2020, 17:45
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маусымның 9 күні «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «СамұрықҚазына» компаниялар тобының еріктілері ауыр және габаритті жүгі бар жолаушыларға көмек көрсету акциясын үшінші рет өткізді.

Бұл жолы көліктегі полиция және теміржолшылардан құралған еріктілер тобы зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалы және жүкті әйелдерге, өзге де көмек қажет еткен жолаушыларға қол жүктерін перронға дейін жеткізіп, кейбір жолаушыларды вагондарына дейін кіргізіп беріп жатты.

– №354 «Нұр-Сұлтан – Семей» бағытындағы жолаушылар пойызына отырмақшы болып вокзалға келгенмін, Өздерін «еріктілерміз» деп таныстырған жас жігіттер кіреберісте-ақ күтіп алып, қолымдағы багажымды алып, өзімді жетектеп тура перронға шығарып, вагонның алдына дейін алып келіп, отырғызып жіберді. Бұл көмек маған өте қажет еді. Аяғымды күйдіріп алып, зорға басып жүргенімде мына балалардың қолұшын беруі тіпті жақсы болды. Оның үстіне мынау атшаптырым зәулім вокзал ғимаратының ішінде жол таба алмай адасып кетуім мүмкін еді. Ерікті жастарға алғыстан басқа айтарым жоқ, – деп ризашылығын білдірді Орынтай Сұлтанайқызы есімді жолаушы апай.

Жолаушыларға көмек көрсету акциясының ұйымдастырылуына ұйытқы болған «Самұрық-Қазына» қорына қарасты Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақовтың айтуынша, Мемлекет басшысының жарлығымен 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жарияланған сәттен бастап әл-ауқат қорына қарасты компаниялар тобынан шыққан еріктілер әртүрлі акциялар жариялап, көп жұмыстар атқарып жатыр. Соның бірі «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниясы да 2020 қайырымды іс жобасын еріктілердің қатысуымен ел өңірлерінде жүзеге асырып жатқанын айтар едік.

– Жолаушыларға қолұшын беру акциясы жолаушылар пойыздары іске қосылған 1 маусымнан бастап үшінші рет өткізіліп отыр. Оған сапарға шыққан адамдарды шығарып салушыларды қазіргі карантиндік жағдайға байланысты вокзалға өткізбеу себеп болды. Біз осы мәселеге байланысты дереу шешім қабылдап, іске кірісіп кеттік. Теміржол саласы басшылығының, Көліктегі полиция қызметкерлерінің келісімін алдық. Міне, жастарымыз өздерінің түскі үзілістерін және жұмыстан кейінгі кешкі уақыттарын игі іске арнап отыр. Бүгінгі акцияға 20 шақты ерікті жас қатысты. Олардың бәрі коронавирус індетіне тест тапсырған. Медициналық маскалармен, қолғаптармен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шараларын сақтап отыр. Жолаушылар еріктілердің қайырымды ісіне дән риза, – деді Қор өкілі.

Еске сала кетсек, Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 9 маусымдағы қаулысымен 10 маусымнан бастап теміржол вокзалдарының ғимараттарына шығарып салушы азаматтарды жібермеу жөніндегі талап өз күшін жойды. Яғни, жолаушыларды шығарып салушылар енді вокзалға емін-еркін кіріп, қол жүктерін перронға дейін жеткізіп сала алады. Әрине, маска киіп, басқа да қауіпсіздік талаптарын сақтау міндетті. 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты