Жолаушы вагондарына техникалық қызмет

Жаңалықтар
11.08.2020, 11:17
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Вагонсервис» АҚ-ның жолаушы вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалына қарасты бірнеше цехтың бір күндік жұмысымен таныстық. Жолаушылар вагондарын біртұтас техникалық тексеруден өткізу цехы, жолға шығуға дайындалып жатқан жолаушылар вагондарын техникалық күтімге алу цехы және вагон жуу цехында сапалы қызмет ұсыну үшін қандай жағдайлар жасалғанын көзбен көріп қайттық. 

Техникалық паркте вагондарды жолға дайындап жатқан теміржолшылар жұмысы тоқтаусыз жүреді. Әр қызметкердің өз жұмысы бар. Қозғалыс қауіпсіздігінде кемшілік жібермеу – ортақ міндет.

Техникалық парк басшысы Әкімжан Бабаханов өндірістік жұмыс үдерісімен таныстырды. Цехтағы жұмыс күні әдеттегідей таңғы сағат 9:00-де басталғанымен вагон жуу орталығы жылжымалы құрам келгеннен бастап, тазалық жұмыстарына кірісіп кетеді.

Бұл жолы №24 «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы пойыз таңғы сағат 7:30-да келіп, жуу цехына кіріп шыққан.

Автоматтандырылған орталықта жұмысшы күші қолданылмай-ақ вагондар толық тазалаудан өтеді. Орталық филиалдың басты ерекшелігі –1997 жылдан бастап тоқтаусыз жұмыс жасап тұрған автоматтандырылған вагон жуу қондырғысы бір күнде 5060 вагонды тазалықтан өткізеді.

Жуу орталығынан шыққан вагондар техникалық тексерістен өтеді. Жылжымалы құрамның келесі сапарына дейін мінсіз болуға тиіс.

«Жолаушыларды тасымалдау пойызының барлық техникалық тексерісін қараймыз. Қазіргі уақытта карантин шараларына байланысты вагон саны қысқарды. Жолау- шылар пойызында 11 вагон ғана бар. Осыған дейін айтылып жүргендей, құрамда мейрамханалар жоқ. Бұл пойызға техникалық тексерістер таңғы сағат 9-да басталып кетті. Пойыз сағат 12:30-да толық дайын болады. 14:00-де жүріп кетеді», – дейді техпарк басшысы Әкімжан Бабаханов. 

Цех ауласы қарбаласқан тірлік. Доңғалақтар жөндеуге тиеліп жатыр, жұмысшылар доңғалақ қойылатын тіреуіштерді бекітуде. Жолға шығуға дайындалып жатқан жолаушылар вагондарын техникалық күтімге алу цехында рейс алдындағы тексерістер жасалып жатыр.

Қызметкерлерге арналған оқу-жаттығу алаңы да осы жерде. Арнайы техника бөлшектерінің сызбасымен жабдықталған бөлмеде аптасына екі рет техникалық сабақ өтеді. Ақаумен келген титан, дәретхана, есік-терезе барлығы осы цехта жасалып, жөндеуден өтеді, кем-кетігі түзетіледі.

«Қазір жөндеу жұмыстары бірқатар жеңілдеді. Бұрынғыдай генератор жалғап жүрмейміз. Үш маторлы дизельді вагон тоқ беріп тұрады. Барлығы осы дизельді вагоннан алынады. Жарық, мұздатқыш, кондиционерге тоқ береді. Жылу да осы дизельді вагоннан алынады», – дейді цех жұмысына бақылау жасап жүрген филиал ревизоры Тілеу Айдарқұлов.

Филиалда вагон тербелісін реттейтін арнайы цех та бар. ЭНГА техникасы арқылы вагон қозғалысы реттеледі. Цех шебері Айтуған Байшевтің айтуынша, тербеліс қондырғысының да пайдалану мерзімі бар. Бұл техниканың салмағының өзі 18 келі. Тексеріс кезінде май құйылып, арнайы компьютерлік жүйе арқылы оған вагон қысымын береді. Осылайша оның жарамдығы тексеріледі. Автоматтандырылған компьютерлік жүйе арқылы бір қондырғыны тексеруге 56 минуттай уақыт кетеді.

Цех ауласына жабдықтарды бақылау үшін арнайы күзет те қойылған. Жұмысшылар бетперде киіп, барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды