Аман Ілиясов - «Үздік маман» атануға лайық

Жаңалықтар
12.08.2020, 11:45
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Өндірістік мамандықтарды ынталандыру мен насихаттау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ биыл да дәстүрлі түрде «Үздік маман» байқауын бастағалы теміржолшылар да елеңдеулі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на қарасты бірқатар мекеме қызметкерлері аталмыш байқауда бақ сынап жатыр.

Теміржолшылар үкілеп бәйгеге қосқандар қатарында «Вагонсервис» АҚ-ның жолаушы вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының бақылаушысы Аман Ілиясов та бар. Оңай адам үздік атана ма?! «Үздік маман» байқауына есімі ұсынылған теміржолшылардың бәрі он жылдық еңбек өтілі бар, әріптестеріне сыйлы, тапсырылған істі тиянақты орындайтын білікті мамандар екені белгілі.

Әр күнін вагондарды техникалық тексеріс паркінде өткізетін Аман Ілиясов та басшылық ұсынысымен байқауға өтініш берген. Әке жолымен теміржолшы мамандығын таңдаған ол – қызметіне жауапты, әріптестеріне сыйлы мамандардың бірі. Еңбек жолын 2007 жылы «Вагонсервис» АҚның жолаушы вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалына слесарь болып кірген жігіт өміріне азық болған кәсіпте әке көрсеткен бағытты таңдағанына еш өкінген емес. Мамандығын мақтан тұтады.

«Әкем Оран Ілиясов өз ісінің шебері еді. Бала күнімде жиі жұмысына ертіп баратын. Қазір жұмыс жасап жүрген еңбекқор ұжыммен бала күннен таныспын. Қызметкерлер мен басшылық арасындағы қарапайым қарымқатынас, байланыстың куәсі болып өстім. Теміржолшы болуды ойланбастан таңдадым. Әкем әрдайым «Кім болып жұмыс жасағаның емес, оны қалай жасағаның маңызды» деп жиі айтатын. Әкемдей болғым келді. Мектеп бітірген соң бірден слесарь болып жұмысқа қабылдандым. Кейін Ақтөбе көлік, коммуникация және технологиялар колледжінде білім алып, бақылаушы қызметіне ауыстым. Мен өз жұмысымды және ұйымшыл әріптестерімді жақсы көремін. Ең бастысы – ел экономика сын дамытушы алпауыт компанияда еңбек ете жүріп, Қазақстанның дамуына менің де үлес қоса алатынымды мақтан тұтамын», – дейді Аман Ілиясов.

Бақылаушы – техникалық цехтағы маңызды және жауапты жұмыс. Ол дәрігер секілді дөңгелектер мен тежегіштерден бастап вагонның барлық бөлшектерін тексеріп, ақауларды анықтауы керек. Олар жолаушылардың өмірі мен тасымалданатын жүктің сақталуы үшін жауап береді. Осындай жауапты істің шебері бүгінде байқауда бақ сынап жатыр. Байқау онлайн дауыс беру арқылы өтетіндіктен Аман әріптестерінің қодауын күтеді. Әр дауыс маңызды. Ендеше әріптесті қолдайық,теміржолшылар! 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды