Теңіз порттар жұмысымен танысты

Жаңалықтар
21.08.2020, 10:42
Оқуға 2 мин

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бастаған делегация Атырау және Маңғыстау облыстарына жұмыс сапарымен барып, KPI кешенінің құрылыс алаңында, Ақтау және Құрық теңіз порттарында болды. Делегация құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев та болды. 

Ақтауда Қор басшысы Құрық және Ақтау порттарындағы ағымдағы жағдаймен танысты. Бұл инфрақұрылымдық нысандардың еліміздің транзиттік әлеуеті үшін маңызы зор. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы пандемия жағдайы, сондай-ақ кейбір сыртқы факторлар олардың қызметіне әсер етті. Ахметжан Есімов «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Құрық портының басшылығына порттың жүктелу деңгейін арттыру үшін бірлескен күш-жігер жұмсауды тапсырды.

Еске сала кетсек, биылғы 7 айда еліміздің теңіз порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк ауыстырып тиелді. Теңіз порттарында жүк таситын автокөлік құралдарын ауыс-тырып тиеу көлемі жүз пайызға өскен. Яғни, ол көрсеткіш өткен жылы көрсетілген уақыт кезеңінде 3 766 бірлік болса, биыл 7 540-ке жеткен. Сондайақ, контейнерлерді ауыстырып тиеу көрсеткіші 16% өсіп, 17 079 бірлікті құрады. Отандық сауда флотымен осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,32 млн тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде 7 910 контейнер Ақтау – Баку фидер желісінің еншісінде. Ал биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі су жолдары бойынша тасымалдау көлемі 845,1 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы көрсеткіштен 65,8% өсті. Оның ішінде 138 мың тонна Ресей бағытында болды. 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды