Сервистік қызметтің сапасы басты назарда

Жаңалықтар
22.09.2020, 08:34
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ тұтынушыға тиімді қызмет ұсыну үшін жаңа жобалар дайындауда. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Питер Штурм Ақтөбедегі жұмыс сапарында алға қойған тиімділікті арттыратын міндеттермен бөлісті.

Ұлттық тасымалдаушы компания басшысының айтуынша, 2020-2029 жылдарға арналған жылжымалы жолаушылар құрамын жаңарту стратегиясының шеңберінде 469 жаңа жолаушылар вагоны және 26 вагонэлектростанция сатып алу жоспарлануда. 

Барлығы халықаралық талапқа сай. Сонымен қатар, 1000-нан аса жаңа дәретханалар модулін алу жоспарда бар. Сервистік қызмет алты айдың ішінде жоғары көрсеткішке қол жеткізеді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ санаулы айдан кейін электронды түрде сауалнама жүргізу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Сауалнамаға кез келген адам қатысып, ұсыныс-тілегін жолдай алады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Питер Штурм жұма күні Ақтөбедегі жұмыс күнін таңғы сағат 8:00-де бастап кетті. Алдымен теміржол вокзалының жұмысымен танысып, ондағы қызметкерлермен кездесті. Әрбір билет кассаларында отырған мамандармен тілдесе жүріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. 

Халықаралық тасымалдау саласында тәжірибесі мол бас директор сервистік қызмет көрсету сапасына, жолаушылар вагондарын жуу мен жинауға, төсек сапасына баса назар аударды. Жолаушылар тасымалында жақсы қызметке қол жеткізудің бір жолы сауалнама екенін, яғни жолаушылармен жиі сұрақ-жауап байланысын жүргізу арқылы тиімді басқаруға, сапалы қызмет ұсынуға болатынын жеткізді. 

Бизнес-процестерін жақсарту мақсатында жолаушылар арасында жиі сауалнама жүргізіліп, қателіктерді уақытында анықтап, шұғыл жұмыс жасаудың ерекшеліктеріне тоқталды. Және бұл мақсатта компания тарапынан жаңа жоба әзірленіп жатқанын да атап өтті. 

– Әр күн сайын пойыздағы қызмет сапасын жақсартуды ойлауымыз керек. Әр жолаушыға жағымды әсер қалдыруға тиіспіз. «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бізді қаржылай қолдауға дайын. Алдағы 5-6 айдың ішінде вагондардағы дәретхана модулі жаңартылады. Ақпараттық технологиялық қызметке инвестиция салынып жатыр. 

Мұның бәрі – біздің қызметті жақсарту үшін жасалып жатқан жұмыстар. Пойыздардағы сапалы қызметті бақылайтын арнайы бөлім құрылуы да мүмкін. Қызметкерлер қосымша оқытылатын болады. Қазіргі уақытта осы мәселені шешудің маңызды сұрақтарын жан-жақты қарастырып жатырмыз. Тоқтап қалмаңыздар, қорықпаңыздар, әріптестеріңіздің мүмкіндіктеріне, басшылық қолдауына сеніңіздер. Менің осында келгендегі басты мақсатым – компаниядағы қызмет сапасын жоғары деңгейге көтеру. Және оған сіздердің қолдау білдіретіндеріңізге кәміл сенемін, – деді Штурм өз сөзінде. 

Бас директор «Вагонсервис» АҚ-ның Батыс бөлімшесіне де бас сұқты. Ақтөбе, Орал, Атырау, Қызылорда, Ақтау және Түркістан телімдерін басқарып отырған филиалда жұмыс көлемі ауқымды. Цехтардың мүмкіндіктері мен техникалардың жарамдылығын тексерген Питер Штурм ақауларға қатысты талдама жасайтын мамандармен тілдесті. «Мәселен, жолаушылар тарапынан жиі сынға алынатын вагон есіктерінің жиі жарамсыз болуының себебі неде?» деген нақты сұрақтарымен кемшіліктерді жоюға қатысты ұсыныстарды тыңдады. Сервис қызметкерлерінің айтуынша, вагон есіктері көбіне жолаушылардың ұқыпсыз ашып-жабуынан, тұтқаға күш салуынан сынады. Және сынған бөлшекті ауыстыру үшін оған тапсырыс беру кезінде бірнеше құрылымның тексерісінен өтуі ұзақ уақыт алады екен. 

Басшылық тараптан жиі ауыстыруды қажет ететін бөлшектерге артығымен тапсырыс беру жағын қарастыру ұсынылды. 

Питер Штурм вагондарға тоқ беру жүйесін, доңғалақтарды, техникалық-материалдық жағдайды мұқият қарады. Сонымен қатар, мекемені өзге телімдерден ерекшелейтін цехтағы автоматтандырылған жуу қондырғысымен танысты. Мұнда тазалау кезінде жұмыс күші қолданылмайды. Көлденең және тігінен орналастырылған жуу щеткалары арқылы қас қағым сәтте бірнеше вагон жуылады. Бір күнде 50-60 вагон жуу мүмкіндігіне ие. 

Батыс аймақтағы жолаушылар тасымалын таза төсек-жаймамен қамтамасыз етіп отырған «Источник» ЖШС мекемесінің жұмысымен танысу кезінде төсек жаймаларының жуылуы, үтіктелуі мен бүктелуіне дейін мұқият назар аударды. Қазіргі уақытты мұнда бір күнде екі пойызға 6 мың комплект дайындалады екен. 

Бас директор жұмыс күнінің соңын «Батыс» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалы мекемесінің басшылық құрамымен кездесумен аяқтады. Питер Штурм ішкі жұмыспен танысу барысында көп мәліметті назарға алғанын, Ақтөбе өңірінен алған әсері ерекше екенін жасырған жоқ. 

– Филиал жұмысымен танысу барысында команданың мықтылығына көз жеткіздім. Өз жұмысының қыр-сырын меңгерген тәжірибелі теміржолшылармен кездестім. Біз жолаушыларға қызмет көрсетуде жоғары сапалы қызметке қол жеткізу үшін бірқатар жобалар дайындап жатырмыз. Сондықтан бір мүддеге жұмылып, соны жүзеге асыруға күш салуға тиіспіз, – деген «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры жергілікті басшыларға филиалдар жұмысын тиімді және жүйелі жұмыс істеу үшін оңтайлы ұйымдастыруды, маркетингтік, коммерциялық және сервистік қызметті күшейтуді тапсырды. Қазақстан секілді мемлекетте теміржол саласының маңызы орасан зор екеніне тоқталды. Сондықтан алдағы уақытта көптеген ресурстарды тартуға күш салынбақ.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты