Жас үздік маман: білім бәйгесінде бақ сынағанда

Жаңалықтар
22.09.2020, 10:17
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында «Жас үздік маман» байқауы биыл екінші рет өтіп отыр. Былтыр жастар жылы шеңберінде бастау алған бұл шара биыл да елдегі ерекше ка- рантиндік жағдайға қарамастан өткізіліп, байқаудың аймақтық жеңімпаздары анықталды. Алда – республикалық дода. Байқау қандай талаптар қойды және қандай мәселелерге басымдық берілді, сөз – аймақтық байқау жеңімпаздарында.

Қанат БАЙТЕМІРОВ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» филиалы Павлодар учаскесінің жолсерігі: 

«Жас үздік маман» кәсіби байқауына биыл екінші рет қатысып, аймақтық жеңімпаз болып танылып отырмын. Он жылдан бері жолсерік болып қызмет етіп келемін.Тест сұрақтары түсінікті болды, жауап беруде аса қинала қоймадым. 

Ал ауызша сұрақтар түрлі жағдайларда әрекет етуге құрылған. Біздің қызметіміз тікелей жолаушылармен байланысты болғандықтан, қандай да бір жағдайда, мәселен, жолаушы аяқ астынан ауырып қалғанда, талмасы ұстап немесе қан қысымы көтеріліп, я болмаса босанып қалған жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсете білуіміз, сондай-ақ, мінезі түрлі жолаушылардың агрессивті әрекеттеріне шыдамдылық таныту, бейбіт жолмен шешу сияқты жұмыстарды жүргізуге, күйзеліске төзімді болу сияқты практикалық және психологиялық сұрақтар ауызша беріліп, біздің жауабымызбен қатар эмоциялық әрекетіміз тексерілді.

Жанат АКШИМОВ, Нұрлы жол станциясының кезекшісі: 

– Бірінші кезеңде тест тапсырдық. Тест сұрақтары қызықты және сауатты құрастырылған. Станция жұмысының көптеген аспектілері, яғни әртүрлі класты станциялар мен жұмыс сипаттамаларына басымдық берілді. Әрине, тиісті нәтиже алу үшін бір станция тәжірибесі жеткіліксіз болар еді, сонысымен тест қызықты болды.

Екінші кезеңде кездейсоқ жағдайларға қатысты ауызша сұрақтар болды. Меніңше, байқау комиссиясымен сұрақтың толық жауабы ғана емес, сондай-ақ, адамның психологиялық жағдайы да ескеріліп, бағаланған сияқты. Тапсырмада берілген кейбір жағдайларды мен жұмыс барысында бастан кешкен кезім болды, сондықтан сауалнама кезінде аса қобалжымадым. 

Жанарыс АТАХАНОВ, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының ЭЦБ электромонтері: 

– ШЧ-да 2,5 жыл жұмыс істеп келемін,7 дәрежелі электромонтермін. Байқауда бірінші кезеңде, компьютер арқылы 27 тест сұрағына жауап бердік. Көп сұрақ күнделікті жұмысымызға қатысты болды. Мен барлық сұраққа толық жауап бердім. Екінші кезеңде, практикалық тапсырма болды. 

Бұл тапсырманы да ойдағыдай орындап шығып, байқаудың аймақтық жеңімпазы болдым. «Жас үздік маман» сияқты теміржол саласының жастар саясатын қолдауға бағытталған мұндай ізгі шаралар жастардың дамуына, қызметтік сатыда көтерілуіне, болашақ менеджерлік қабілеттерін ашуға оң септігін

Жасұлан ЖАНАРЫСТАН, Нұрлы жол станциясының пойыз құрастырушысы: 

– Менің теміржолда пойыз құрастырушы болып еңбек жолымды бастағаныма үш жыл болды. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының бакалавриат, магистратурасын бітірдім. Тест сұрақтары мен үшін өте оңай болды. Білім ордасында жүріпақ, біз ПТЭ, ИДП, ИСИ ереже-нұсқамаларын жатқа оқып білген едік. Яғни, тест сұрақтары осы құжаттардан болды. Ал екінші кезеңде, пойыз құрастырушы қызметімен тікелей байланысты ахуалдық тапсырма болды. Мәселен, жүріп келе жатқан дөңгелектердің дыбысына қарай оларды болып жататын саңылаулардың қаншалықты қозғалыс қауіпсіздігіне қауіпті екенін анықтау. Екінші бір жағдай – қауіпті жүктер тиелген вагондарды пойызды құрастыру барысында орналастыру тәртібі. Айталық, жарылғыш зат тиелген вагондарды локомотивке, құрылыс материалдары бар вагондардан соң тіркеуге мүлдем болмайды. Үшінші бір жағдай, бос құрамдар мен жүгі бар құрамдарды бекіту тәртібі, яғни оське түсетін салмаққа байланысты бекітетін табандықтар санын анықтау. Міне, осындай ахуалдық жағдайлар біздің қаншалықты білікті маман екенімізді анықтай түссе керек.

Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп