«Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» – үлкен жоба

Жаңалықтар
19.10.2020, 18:32
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның биылғы жылы жүзеге асырып отырған ең ірі де ауқымды жобасы – трансформациялау жобасы шеңберінде тасымалдау процесін автоматтандыру. Тарихи жоба деп танылып отырған «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» еліміздің бірнеше ірі аймағында құрылып, пойыздар бір орталықтан басқарылатын болады.

Бүгінде бастыс аймағы бойынша Ақтөбеде құрылған орталыққа Ақтөбені қосқанда Орал, Атырау, Маңғыстау – төрт аймақтың диспетчерлік шеңберлері біріктірілді. Өткен аптада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов бастаған топ Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді. Осыған дейін де болып, орталықтың жарақтандырылуы мен қоныс аударған қызметкерлердің орналасуын назарда ұстаған Серік Сақбалдыұлы қоныс аударған диспетчерлермен кездесіп, жағдайларымен танысып, қажеттіліктері сұралды. 

Әр диспетчердің қанша аумақты бақылауға алатынынан бастап, техникалық жылдамдық, қауіпсіздік мәселелері де сөз болды. 

«Қазақстан темір жолында іске қосылып жатқан «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» – үлкен жоба. Бір облыста отырып, 2000-3000 шақырымдағы бағыттаманы бұру, бағдаршамның шамын өзгерту процесі бұрын үш ұйықтасақ та түсімізге кірген жоқ. Орталық – цифрландыру мен автоматтандыруға батыл қадам жасалуда. Диагностикалық комплекстер жүріп жатыр. ІТ-система дамуда. Ішкі тасымалдау процесін қағазсыз жүргізу толықтай қолға алынды. Осыған дейін әр қадам телеграммамен жасалды. 

Ол жерде адами фактор көп. Ал қазір біздің қызметті пайдаланушы адам теміржол бөлімшелеріне келмесе де болады. Барлық құжатты үйде отырып рәсімдей алады. Құжаттардың 96 пайызы электронды түрде жасалады. Ал осы жобаның Ақтөбеден бастау алуы сіздердің бөлімшелеріңізге абырой. 

Бастамаға бірден қолдау білдіріп, сенген, қолдан келген мүмкіндікті жасаған Бөріхан Сматуллаұлына алғысым шексіз. Бұл – үлкен көш. Бүгін Ақтөбеге қоныс аударып, жұмыстарын бастаған жастар ертең-ақ қанаттарын жайып, үлкен ордалы отбасы болады», – деді Серік Әбденов. 

Кездесуде әр диспетчердің жағдайына ерекше көңіл аударып, қоныс аударғандардың өтемақысына қатысты сұрақтардың қайта қаралатыны айтылды. Осыған дейін орталыққа ауыстырылған әр диспетчерге 25 АЕК көлемінде өтемақы бір жыл бойы төленіп, жалақыда болған айырмашылықтардың да өтелетіні айтылған еді. Көпбалалы отбасылардың пәтер жалдауға көп шығындалатыны ескеріліп, сұрақтар қайта шешілетіні жеткізілді. 

Басқосу әрі қарай тарихи орталықтың алдына көшет отырғызумен жалғасты. Басшылық құрам диспетчерлер мен ақтөбелік үздік теміржолшы жастармен бірлесе теміржолшылар бағының алғашқы көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, Серік Әбденов үздік бастамаларға мұрындық болып жүрген аймақтағы белсенді жастармен кездесті. Еркін әңгімелесу түрінде өткен басқосуға 100 жаңа есім жобасының жеңімпаздары жиналды. Жас теміржолшылар алдында сөз сөйлеген Серік Сақбалдыұлы компаниядағы нақты жобаларға да кеңінен тоқталды. 

«Басты мәселенің бірі – еңбек өнімділігі. Бәсекеге қабілетті болу үшін әрдайым өзімізді дамыған мемлекеттермен салыстырып және соған жетуге ұмтылуымыз керек. Мәселен, көрші Ресейде еңбек өнімділігі бізден екі есе жоғары. Локомотивтердің, вагондардың жүру ұзақтығы, басқа да әртүрлі өндірістік көрсеткіштер бізден жоғары. Бізде еңбек өнімділігі төмен болғандықтан жалақымыз да төмен. 

Сондықтан еңбек өнімділігін көтеруге тиіспіз», – деген Серік Әбденов оның алғышарттарына да тоқталды. 

Өз кезегінде ақтөбелік жастар да жарыса сөз алып, компаниядағы жаңа жобалар мен мүмкіндіктер туралы айтты.

«100 жас есім» жобасының жеңімпазы Темірхан Аманқұлов қазірде арнайы сайттарға енгізілген бос жұмыс орындарының тізімі теміржолшылар арасында сенімге ие болып үлгергенін жеткізді. 

Теміржолшы жастар бұрынғы министрдің жетістіктеріне қатысты сұрақты да айналып өтпеді. Кезінде еліміздің ең жас министрі атанған Серік Сақбалдыұлынан үздік маман, көшбасшы болудың қыр-сырын сұрап, шағын шеберлік сабағын алды десек болады.

«Жетістіктің үлкен құпиясы не сиқыры жоқ. Отбасында алған тәрбие – алғашқы өмірлік сабақ. Әкем кішкентай кезімнен еңбекқорлық пен жауапкершілікті талап етті. Сосын жас маманға жұмыс жасауға, өз қарым-қабілетін көрсетуге мүмкіндік берудің өзі оны қолдау. Әрі қарай бәрі өзіңе байланысты. Ертеңгі жетістік – бүгіннен басталады. Қиындықсыз болмайды, оған дайын бол, шыда, өзіңді өзің қайра, өзіңнен есеп алып жүруді әдетке айналдыр. Спорт адамға жақсы мінез қалыптастырады» деп жастарға кеңес берген Серік Сақбалдыұлы басқосуды үздік теміржолшы жастарды марапаттаумен аяқтады. 

Осыдан кейін Президент атындағы саябаққа барып, жүгіруден жаппай марафон өтті. Жастармен қатар сапқа тұрған Серік Әбденов те жаман нәтиже көрсеткен жоқ.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды