Тепловизиялық камера вокзалдарда орнатылды

Жаңалықтар
26.10.2020, 20:14
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кез келген қаланың бас қақпасы теміржол вокзалы – адамдардың көп шоғырланатын және кіріп шығып жататын стратегиялық орын. Сондықтан бұл жерде қазіргі коронавирус пандемиясы жағдайында індетті жұқтырып алу қаупі басым екені жасырын емес. Десе де, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның вокзал шаруашылығы мамандары вокзалдарда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін ауқымды шараларды жүзеге асыруда. 

Соның бірі – тепловизиялық камера. Ілкімді жоба ретінде қолға алынып отырған құрылғы туралы кеңірек айтып беруді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Магистральдық желі дирекциясы директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Абай Досановтан сұраған едік. 

– Бұл термометрия деп аталатын құрылғы вокзал кіреберісінде дене қызуы жоғары және вокзал ішінде маскасыз жүрген адамдарды анықтап, деректерді күзет қызметкерлері мен тексеру тобының мониторына береді. Теміржол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық басқарма алға қойып отырған, санитарлық режимді сақтау және биологиялық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша бейнеаналитика жасайтын болады. Тепловизиялық камераның бірінші артықшылығына келсек, оның тиімділігі өте жоғары. Яғни, әрбір адамның температурасын 1 секундқа жетержетпес уақыт ішінде анықтап, адамдар тобын бақылай алады. Осылайша, барлық адамның температурасын бір мезгілде жалпылай сканерлей алады. Екінші артықшылығы – қауіпсіздік. Тепловизиялық камера адамдармен байланыс орнатпай-ақ, 0,5 метрден бірнеше метрге дейінгі қашықтықта температураны өлшей алады. Ал бұл өз кезегінде, күзет және вокзал қызметкерлерінің жолаушылардан індет жұқтырып алу қаупін төмендетеді, – деп сипаттама берді Абай Сәбитұлы. 

Оның айтуынша, бұл тепловизиялық камера бұған дейін Нұр-Сұлтан-1 станциясындағы вокзалда тестілеу режимінен өтіпті. Енді Қарағанды облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша кеше ғана қайта құрылымдау үдерісінен өтіп, кеңейіп, жаңарып жаңа келбетке ие болған Қарағанды теміржол вокзалына орнатылмақ. «Коронавирус пандемиясы жойылған соң бұл камералардың қызметі не болмақ?» деген сауалымызға орай, бұл бағасы өте қымбат камера және ол уақытша қызметке пайдаланылатын болғандықтан, сервистік қызмет көрсету келісімшартына сәйкес жалға алынып, белгілі бір мерзімнен кейін қайтарылып берілетінін жеткізді.

Абай Досанов коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында жүзеге асырылған басқа да іс-шаралардан хабардар етті. Мәселен, вокзал қызметкерлері COVID-19-ға күдікті адамды анықтаған жағдайда Іс-әрекет ету алгоритмімен толық танысқан және қажетті жеке қорғану құралдарымен жарақтандырылған. Барлық вокзал ғимараттарына адамдарға қорғану маскаларын киіп кіруге ғана рұқсат етілген, кластан тыс және 1,2,3 класты вокзалдарда байланысқа түспей термометрия жүргізілсе, көрінетін жерлерге санитайзерлер орнатылған. Сонымен қатар вокзалдарда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында тиісті талаптарды сақтау туралы көрнекі ақпараттар ілініп, вокзал ішін табиғи жолмен желдету, жолаушылар келіп кеткен сайын есік тұтқаларына, қабырға, еден, тағысын тағы жерлерге залалсыздандыру құралдарын пайдалана отырып, ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіліп тұрады екен. Орындықтар 1 метрлік қашықтықты сақтай отырып қойылған. Ал вокзалдағы билет кассасы, банкомат, анықтама бюросы, қосымша сервис пункттеріне кезекке тұру кезінде де қашықтықты сақтау үшін едендерге белгілер таңбаланып, қабырғаларға дистанцияны сақтау туралы көрсеткіштер салынған. Ал COVID-19 сырқатының белгісі бар жолаушы анықталған жағдайда ғимаратты және аумақты залалсыздандыру құралдарымен өңдеу бойынша шаралар қарастырылыпты. 

Вокзал шаруашылығы қызметіне жауапты басшы елде жарияланған төтенше жағдайларға байланысты карантин кезін сәтті пайдаланып, бірқатар вокзалдар мен жолаушылар платформаларына межеленген жөндеу жұмыстары да жүргізілгенін жеткізді. Олар белгіленген мерзімде толық аяқталып, бүгінде қыс маусымына тастүйін дайындықтан өткен ғимараттарда жылу беріліп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған. 

«Мердігер ұйымдардың қызметіне жүгіне отырып, Көкшетау вокзалына ағымдық жөндеу жүргіздік. Жөндеу жұмыстары аясында жолаушылар платформаларына жаңадан брусчатка төселді, вокзалдың жарық көрсеткіші жаңаланды, ғимараттың іші мен сыртқы беті жөнделді. Сонымен қатар Семей вокзалының сыртқы беті жөнделіп, логотипі алмастырылды, жарықтандыруы жақсартылды, брусчаткалар төселді.

Бұдан бөлек Жалаңашкөл станциясы мен Көктума кентіндегі жолаушылар платформаларына жөндеу жүргізіліп, сол платформаларға жолаушыларға қолайлы болу үшін павильондар орнаттық. Бұл станцияларда жаңа вокзал салудың қажеттілігі жоқ, өйткені бұл екі станцияда жолаушылар ағыны тек жаз маусымында жанданады, халық Алакөлге демалуға бару үшін пойыздарға осы екі станциядан отырады. Ал қалған маусымда жолаушылар ағыны жоқ. Сондықтан вокзал ғимаратына сұраныс жоқ. Ал біз биыл орнатқан павильондар пойыз күткен адамдарға ыстықтан, жауын-шашыннан пана болады», – дейді. 

Вокзал шаруашылығы биыл елде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қолайлы болу үшін жыл басында бірқатар шараларды бекітіп, оларды жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырған көрінеді. Айталық, вокзал ғимаратына кедергісіз кіріп шығу үшін белгіленген салалық стандартты нормаларға сәйкес пандустар орнатылып, биыл санитарлық тораптарды, билет кассаларын қайта жабдықтау, сондай-ақ, Брайл шрифтін пайдалана отырып, тақтайшалар орнату, пиктограмма, тактильді плиткалар төсеу бойынша жұмыстар жалғасуда екен. Осы жұмыстармен қатар биыл қосымша мүгедектер арбасы, баспалдақ көтергіштер, естуі нашар адамдарға арналған индукциялық панельдер, тактильді-дауысты мнемосхемалар сатып алынып, ескірген жабдықтар жаңаланған. Қорыта айтқанда, жолаушы қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін қажетті сервистің бәрі жасалуда. 

Осыдан біраз уақыт бұрын Нұрлы-жол теміржол кешенінде қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі ашылғаны туралы жазғамыз. Вокзал шаруашылығына қарайтын ғимаратта орналасқандықтан, бұл жаңалықты халық қалай қабылдады деген сауал өзімізді де қызықтырған еді. 

«Вокзал – стратегиялық нысан. Сондықтан кейбіреулер онда мамандандырылған ХҚО-ның ашылуын сынға алды. Десе де, сауалнама жүргізе келе, оған қатысушылардың 70 пайызы орталықтың ашылуын қолдайтындарын және оның қала ішінде орналасуы өте қолайлы болып отырғанын, ал қалған 30 пайыз қарсы екенін анықтадық. Бүгінде бұл орталық күніне 300-ден астам операцияны жүзеге асырып отыр. 

Осыдан-ақ, оның халыққа тиімді және қолайлы екенін пайымдай беріңіз. Ал орталыққа келушілер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында вокзал қызметкерлерінің қатаң тексеру бақылауынан өтеді» , – деп түйіндеді сөзін вокзал шаруашылығы өкілі. 

Жаңалықтар
22.11.2024
ҚТЖ Бескөл депосында дизель отынының ұрланғанын анықтады
Жаңалықтар
22.11.2024
Ақмола бөлімшесі инфрақұрылымды жаңартуды және инновацияларды енгізуді жалғастыруда
Жүк тасымалы
22.11.2024
Қостанай ЖТ бөлімшесі қараша айында 2 359 вагон астық тиеді
ҚТЖ келбеті
22.11.2024
Жол монтерлерінің бір күні
Қауіпсіздік
22.11.2024
Жамбыл өңірінде қыста да қараусыз мал тиылмайды
Аймақтар
22.11.2024
«Syrmaq Fest»: Маңғыстаулық теміржолшы қолөнер көрмесін ұйымдастырды
Қауіпсіздік
22.11.2024
Шымкент станциясында өндіріс жарақатының алдын алу шарасы өтті
Әлеумет
22.11.2024
Күзет қызметкерлеріне көрсетілетін қолдау көп
Жаңалықтар
22.11.2024
Кәсіподақ сарапшылары құзыретін арттырды
Цифрландыру
22.11.2024
ІТ тақырыбына арналған білім сайысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
22.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №99 22 қараша 2024 жыл
Жолаушылар тасымалы
21.11.2024
№42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жаңалықтар
21.11.2024
Құрық портының түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Спорт
21.11.2024
Теміржолшылар арасында спартакиада өтті
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ жол диагностикасының инновациялық технологияларын енгізуде
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтуде
Жолаушылар тасымалы
20.11.2024
Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді
Жүк тасымалы
20.11.2024
Ақмола бөлімшесі 307 мың тоннадан астам астық тиеді
Жаңалықтар
20.11.2024
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Әлемде
20.11.2024
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша келіссөздің соңғы сатысы жүріп жатыр