«Ashyq» жобасы вокзалдарда енгізіледі

Жаңалықтар
16.06.2021, 16:20
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2021 жылдың 17 маусымынан бастап Нұрлы жол вокзал кешенінде «Ashyq» жобасы енгізіледі. Аталған жоба кеше елордадағы Нұр-Сұлтан теміржол вокзалына іске қосылды. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 03 маусымдағы №26 қаулысының талаптарына сәйкес «Ashyq» жобасы алдағы шілде айының 1-не дейін, яғни 2021 жылдың 21 маусымында Алматы-1, 2, сондай-ақ, Қарағанды және Өскемен вокзалдарына енгізілетін болады. Ал 1 шілдеден бастап Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Атырау, Семей, Қызылорда, Шу, Бейнеу вокзалдарында да аталған жоба күшіне енбек. Қазіргі сәтте әкімшілік құзырындағы Шымкент, Павлодар және Түркістан вокзалдарында «Ashyq» жобасының енгізілуіне осы облыстардың әкімшілігі жауапты. Бұл шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту және оны жұқтыруға әкелетін байланыстар санын қысқарту мақсатында жүргізіліп жатыр. QR-кодты сканерлейтін «Ashyq» кіру жүйесі Нұрлы жол вокзал кешенінің барлық кіреберістерінде жұмыс істейтін болады. Жолаушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін вокзал кешенінің қызметкерлері жолаушылар ағынын кіреберістерге бөледі. Жолаушы кірген кезде QR-кодты Ashyq мобильді қосымшасы арқылы немесе Kaspi.kz, Homebank, Aity қосымшалар арқылы сканерлеу қажет. Жолаушыда қосымша немесе смартфон болмаған жағдайда кіреберісте вокзал кешені қызметкеріне ЖСН көрсету қажет. Шетелдіктердің статусы паспорттың нөмірі бойынша сол жерде тексеріледі. 18 жасқа дейінгі балалар тексеруден өтпейді. Сондай-ақ, вокзал кешеніне «қызыл» және «сары» статусы бар адамдар кіргізілмейді. Өз статусын жолаушы www.ashyq.kz cайтындағы бейтарап QR-код арқылы алдын ала тексере алады.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға