Қазақстан темір жолындағы апаттың алдын алу үшін үгіт-насихат жұмыстары күшейтілді

Жаңалықтар
27.07.2021, 11:48
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басты міндеттерінің бірі – қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, сала еңбеккерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және де теміржолда адамдардың жарақат алуына жол бермеу. Осы бағытта компания қызметкерлері желілік полиция, әскерилендірілген күзет өкілдерімен күш біріктіре болат жолға жақын тұратын тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, теміржолдан өтуге тыйым салған жерлерде рейдтер өткізіп келеді. Соған қарамастан биылғы жылдың алғашқы алты айында 55 ереже бұзушылық, 17 жайт, 38 қақтығыс орын алғаны өткен аптада «Кірме жолдарда жолдан шығу, ұрлық-қарлық, жол-көлік оқиғасы, мал-жанның басылуын азайту бойынша шаралар» тақырыбында өткен онлайн-режимдегі дөңгелек үстел барысында белгілі болды. Әрине, өткен жылдың көрсеткішінен аз-кем азайғанын көруге болады. Десе де, алаңдамауға амал жоқ. Биылғы алты айда адамдардың пойызға басылып қалуына қатысты 34 оқиға тіркеліп, былтырғыға қарағанда 3 оқиғаға кеміпті. 14 оқиға адам өлімімен, 20 оқиға түрлі дәрежедегі жарақат алумен аяқталыпты.

«Жапа шеккен адамдардың негізгі бөлігін 50-ден асқан адамдар құрайды. Көп жағдайда адамдардың жолды тіке кесіп өтуді әдетке айналдырғандары соншалық, олар темір жол сақтық пен қырағылықты қажет ететін қауіптілігі жоғары аймақ екенін ұмытып кетіп жатады. Салдары бақытсыз оқиғаларға әкеледі», – деген «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Константин Колесников адамдардың пойызға басылып қалуының алдын алу мақсатында машинистермен 218 рет шұғыл тежеу болғанын атап өтті.

Теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғасы биыл былтырғыға қарағанда 6 оқиғаға көбейіп, 11-ге жеткен. Бұл жерде де бар кінә жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізушілерден болып отыр. Жол-көлік оқиғасына жол беруде жамбылдық көлік жүргізушілер көш бастап, олардан кейін Қостанай мен Алматы өңірі орын алып тұр. Бұл мәселеге қатысты жасалған талдау қорытындылары, көлік жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы, көлік иелерінің өткелдерде пойыздың жақындап қалғанына қарамастан өздеріне сенімді болып, жағдайды дұрыс бағаламауы жол-көлік оқиғаларына соқтырып отырғанын көрсеткен. Төрт түліктің ауа жайылып, теміржолды жағалауы да қалыпты жағдайға айналды. Қозғалыс қауіпсіздігі маманының айтуынша, бірінші жартыжылдықта малдың пойызға басылып қалу оқиғасы 33% артқан. Бір оқиғада жылжымалы құрам зақымданып, құрам қызметі тоқтатылған. Локомотив бригадаларының дер кезінде жолдағы малды байқап, құрамды тоқтатуы нәтижесінде 422 жағдайда мал басудың алды алынған.

«Бізді алаңдататын келесі бір мәселе, ол станциялармен жанасатын өнеркәсіптік кәсіпорындарға қарасты кірме жолдардың жағдайы. Жолдың үстіңгі құрылымының күтімі жоқтығынан және вагондардың дұрыс бекітілмеуінен биылғы жылдың алғашқы алты айында 106 жағымсыз жайт тіркелді. Яғни соқтығысу мен жолдан шығып кету салдарынан 142 вагон мен 21 локомотивке зақым келді», – дейді Константин Колесников.

Жылжымалы құрамның зақымдануы Компанияның тасымалдау процесіне теріс әсер етіп, жоспардан тыс жөндеу жүргізуде өндірістік емес шығындарға әкеліп отыр. Әлбетте, Компания тарапынан кірме жолдарда қауіпсіздіктің бұзылуын төмендету бойынша барлық мүмкін шаралар қолға алынып отыр. «Пойыз құрастырушының ескерту кітабы» туралы ереже бекітілді. Ол кірме жолда жұмысшылардың денсаулығына, қозғалыс қауіпсіздігіне, жылжымалы құрамның сақта- луына қауіп төндіретін ақаулар анықталған жағдайда құрастырушылар мен локомотив бригадаларының іс-қимыл тәртібін реттейді, – деген бас менеджер «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің атына бірнеше рет кірме жолдардағы қауіпсіздік бұзушылықтарын азайту үшін бірлескен іс-қимылдар жасауды ұсынған хаттар да жіберілгенін атап өтті. Алайда, баяғы жартас, бір жартас күйінде қалған бұл түйткілді мәселенің түйіні шешілер емес.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты