Жыл басынан бері «Қорғас» порты арқылы Қытайға шамамен 90 мың контейнер жүк жөнелтілген

Жаңалықтар
20.08.2021, 13:25
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің оңтүстік-шығысында қазақ-қытай шекарасында орналасқан «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ порты арқылы пандемия кезінде де жүк көлемі артып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz. Былтыр порт арқылы тасымал көлемі 200 мың ДФЭ болса, биыл алғашқы жартыжылдықтың өзінде 102 мың ДФЭ жүк тасымалданған. Бұл шамамен 80-90 мың контейнерді құрайды. Қазақстанның маңызды көліктік-логистикалық орталығы болып саналатын портта тәулігіне 10-12 құрам өңделеді, бұл дегеніңіз 500 контейнер. Порттағы 6 теміржол бойында үш контейнерлік кран, яғни RMG 1, 2 және 3 жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы салмағы 41 тоннаға дейін жететін жүкті көтере алады. Құрамы 45-50 вагоннан тұратын бір контейнерлік пойызды қайта тиеуге кететін уақыт орташа есеппен 55 минутты құрайды. Порт аумағында сонымен қатар бір мезгілде 18 мыңнан астам контейнер сақтауға арналған мамандандырылған контейнерлік алаң, жалпы ауданы 10 мың шаршы метрлік уақытша сақтайтын екі қойма және жөндеу мен арнайы техникаға қызмет көрсету бойынша жеке шеберхана да бар. «KTZE-Khorgos Gateway» портында бүгінде 180 адам еңбек етеді, оның 90 пайызы – жергілікті тұрғындар. Порт тәулік бойына жұмыс істейді және мұнда тәулігіне 24 пойызды қабылдап, жөнелтуге мүмкіндік бар. Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға, Ресейге және Орталық Азияға бағытталған маршруттар ең сұранысқа ие бағдарлар болып саналады.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға