Транскаспий дәлізі қауымдастығына 9-шы ел ретінде Өзбекстан да қосылмақ

Жаңалықтар
24.08.2021, 10:35
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекет басшысы ұлттық көлік жүйесін әлемдік көлік желісіне интеграциялау арқылы елдің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану міндетін қойып отыр. Осыған орай ҚР ИИДМ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансқұрлықтық бағдарлар мен дәліздерді дамытумен мақсатты түрде айналысуда. Қытай–Құрық/Ақтау–Баку/Алят–Батуми/Поти бағытымен және одан әрі үшінші елдерге, оның ішінде Баку–Тбилиси–Карс жаңа желісі арқылы мультимодальдық көлік сервисі 2017 жылы жолға қойылған болатын. Ендігі бағыт – Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ немесе Middle Corridor) әлеуетін ашу. ТХКБ – мультимодальдық бағдар. Оған теміржол және теңіз көлігі тартылған. Бүгінгі таңда жүк ағынының едәуір бөлігін Қазақстанның түрлі экспорттық өнімдері құрап отыр. Атап айтқанда, мұнай-химия өнімдері, қара және түсті металдар, СКГ, көмір, көмір коксы, ферроқорытпалар, дәнді, майлы, бұршақ дақылдары және басқа жүк түрлері. Сонымен қатар, ТХКБ Қытай мен Орталық Азия елдерінен батысқа қарай – Еуропа, Африка елдеріне және кері бағытта жүктерді контейнермен тасымалдауды сәтті және мақсатты түрде жүргізуде. Транскаспий халықаралық көлік бағдарының халықаралық қауымдастығы көлік нарығының 20-дан астам маңызды мүшелерін – магистральдық инфрақұрылым иелері мен 8 елдің тасымалдаушыларын біріктіріп отыр. Олар – Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қытай, Польша, Румыния, Украина және Түркия елдері. Транскаспий дәлізінің ашылуына Қазақстан бастамашы болғандықтан, Қауымдастықтың штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Осы жазда Өзбекстан жоба қатысушыларына мүшелікке қосылу туралы өз шешімін жариялады. Өйткені, транзиттік тасымалдар көлемінің жыл сайын артуы осы бағыттың үлкен әлеуетін айқындап берген еді. 2020 жылы басталған пандемия Қауымдастық мү- шелерінің жоспарлары мен құрылған логистикалық байланыстарына да айтарлықтай әсер етті. Алайда, контейнерлік тасымалдардың өсуі осы күрделі жылда да тоқтаған жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда 9% немесе 8,1 мың ЖФЭ артты. 2021 жылы ТХКБ бағытындағы жүк тасымалы қайта жанданғанын атап өтуіміз керек. Бірінші жартыжылдықта 7,4 мың контейнер тасымалданып, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,3 есе артық шықты. Бес жыл ішінде, 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бағдар бойынша 3,9 млн тоннадан астам сыртқы сауда жүктері, оның ішінде 20 футтық баламада 71 мың контейнер тасымалданды. Оның 2,1 млн тоннасы – қазақстандық экспорттық жүктер. Биылғы бірінші жартыжылдықта Middle Corridor бой- ынша 60 контейнерлік пойыз өткен. Сиань қаласынан (ҚХР) Түркияның Измитіне дейінгі бағдар қазірдің өзінде тұрақты боп саналады. «Nomad Express» контейнерлік пойызы әр он күн сайын жолға шығып, Еуропаға бағыт- талған кесте қатаң сақталуда. Қаңтар-маусым айларында бұл бағытта 19 теміржол жүк құрамы өтті. Түркияның Мерсин және Черкезкой бағыттары да жыл соңына дейін тұрақты кестеде бекітілуі мүмкін. Биыл алғашқы 6 айда мұнда Қазақстан арқылы транзитпен 34 контейнерлік пойыз жүріп өткен. Жобаға қатысушы Қауымдастық мүшелері ТХКБ бойынша жүктердің жүру уақытын одан әрі қысқарту үшін тосқауылдарды алып тастап, сервисті жақсарту жұмыстарын жалғастырмақ. ТХКБ-ның нәтижелі дамуына жаңа логистикалық сервистерді жетілдіру және бәсекеге қабілетті тарифтік мөлшерлемелерді қалыптастыру ықпал етері анық. Маршрут бойынша тұрақты мультимодальдық көлік сервисі, бекітілген кешенді тарифтік мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады. Жобаға қатысушы елдер тарифтік мөлшерлемелерді алдағы тасымал жылына қарастыра отырып, бекітеді және олар барлық тасымал- дау операторларының орындауына міндеттеледі. 2017 жылы Қауымдастық құрылған сәттен бастап ТХКБ бағда- рындағы тарифтер вагон тасымалдарына (10 позиция), фидер кемесімен контейнерлік тасымалдарға (23 бағыт) және паромдық қатынастармен (11 бағыт) Қытайдан/ Қазақстаннан/ОА елдерінен Түркияға, Румынияға, Украинаға, Польшаға, сондай-ақ кері бағытта базалық деңгейден 60% төмендеген болатын. Жуырда Киевте Транскаспий халықаралық транзиттік бағдарын дамыту жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Қауымдастық қатысушылары жүк тасымалының қазіргі жағдайы мен бағдардағы қауіпсіздік жайын талқылап, Қауымдастық Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді және 2021 жылға бекітілген тарифтік мөлшерлемелерді өзектендірді. Сондай-ақ қол- данылу мерзімінің аяқталуына байланысты жаңартылған редакцияда келісімдердің жаңа мәтіндерін келісті.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты