Қысқа дайындық жоспарындағы 187 іс-шараның әзірге 18-і ғана орындалған

Жаңалықтар
10.09.2021, 10:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 7 қыркүйегінде 2021-2022 жылдардың қыс маусымына «ҚТЖ» ҰК» АҚ және еншілес ұйымдар мен филиалдардың кадрлары мен шаруашылықтарының дайындығы туралы селекторлық кеңес өтті. Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен өткен жиында Магистральдық желі дирекциясының, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» мен «Теміржолсу» кәсіпорындары басшыларының есептері тыңдалды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Компанияда қыс маусымындағы жұмысқа дайындықты ұйымдастыру үшін құрылған арнайы штаб бар. Мұндай штабтар аймақтарда жол бөлімшелерінде, құрылымдық және еншілес ұйымдарда да құрылған. Ал әзірлік бойынша шаралар биылғы маусым айында штаб тарапынан бекітіліп, есеп беру кестесі жасалған. Негізгі шаралар – жылжымалы құрамдарды, қар жинайтын техникаларды, өндірістік-техникалық ғимараттар мен қазандықтарды дайындаумен қатар «алғашқы қыстаушыларды» қатал маусымда жұмыс істеу тәсілдеріне оқытып, үйретіп және кадрларды жылы қысқы киімдермен және көмірмен қамтамасыз ету, т.т. алдағы қараша айының 1-не дейін толық аяқталуы керек. Жалпы, жоспарға сәйкес биыл 187 шараны орындау межеленген. Ал 6 қыркүйектегі жағдай бойынша небәрі 18 шара орындалыпты. Әлі 169 шараны орындау міндеті тұр. Мәселен, Магистральдық желі дирекциясы бойынша 82 іс-шара қарастырылса, соның үшеуі ғана толық көлемде орындалған. Қыс маусымында бірінші рет жұмысқа түскелі отырған 1377 маман оқытылған. Ал қалған «алғашқы қыстаушылар» тәжірибелі мамандарға бекітіліп, оқытылу үстінде. Сонымен қатар 1728 ғимаратқа ағымдық жөндеу жүргізіліп, жоспар 67% орындалған. 39 км жол бойындағы қардан қорғау шарбақтарына ағымдық жөндеу жасалып, бұл шаруа 63% орындалған. Қар тазалау техникаларының 40 бірлігі немесе 82% деполық жөндеуден және қызмет мерзімін ұзарта отырып, жөндеудің деполық түрінен өткен. Сондай-ақ, қысқы арнайы киім мен аяқ киімнің жоспарланған тапсырысы 66% орындалған. Ал «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша шаруашылықтарды қысқа дайындау жоспарында 18 іс-шараны орындау қарастырылса, соның бүгінде 80% орындалған. Ерекше назар локомотив шаруашылығына аударылған. Оның ішінде, электрлі жылжымалы құрамда түйіспелі сымның мұздануына қарсы күресу үшін жабдықты дайындау жоспары 37% орындалса, тораптар мен жүйелерді қысқы режимге ауыстыра отырып, локомотивтерді дайындау жұмысын күзгі тексеру кезінде атқару жоспарланған. Қысқы аяқ киім және арнайы киіммен қамтамасыз ету 78% орындалған. Қыста жұмыс істеудің әдіс-тәсілін 748 «алғашқы қыстаушы» меңгеріп, тәжірибелі мамандарға бекітілген. «Теміржолсу» АҚ бойынша су және жылумен жабдықтау нысандарын дайындауға қатысты 14 іс-шара жоспарланса, бүгінде оның 70% орындалыпты. Кәсіпорын басшылығы қалған шаруаны 1 қазанға дейін бітіруге мүдделі екендерін жеткізді. 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына көмірдің жалпы талап етілетін көлемі 108 326 тоннаны құрайды, оның ішінде «Теміржолсу» АҚ еншілес ұйымдарының қазандық шаруашылығының өз мұқтажына қажет көмір көлемі – 23 299 тонна. Бүгінде барлық серіктестіктер бойынша шарттар жасалған, қоймалардағы қолда бар көмір қоры 2 039 тоннаны құрап отыр. Сонымен қатар жоспарлы түрде 3982 өндірістік-техникалық ғимарат пен 458 қазандықты дайындау жұмыстары жүргізілуде екен. Компания басшылығы шаруашылықтарды қысқы кезеңде дайындау сапасын бақылау мақсатында күзгі тексеру аяқталғаннан кейін жаппай тексеру ұйымдастырылатынын атап өтті. Тексеру қазан айының екінші жартысына жоспарланған. Ал 1 қарашада штаб іс-шараларды 100% орындағандарға 2021-2022 жылдардың қысқы кезеңінде жұмыс істеуге дайындығы туралы куәлік беретін болады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты