«Оқиға кезінде бірінші жолдағы №77 «Алматы-2 – Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызының 11 вагонына зақым келді. Жолаушылар пойызында барлығы 18 вагон болған. Бір қуантарлығы, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ», – дейді Ақтөбе ЖТ бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бас маманы Т.Байкунчеков.
Шоқысу станциясында кранынан зақымданған пойызына қатысты тергеу басталды
Оқуға 1 мин
Ақтөбе облысы Шоқысу станциясында жүк кранынан зақым алған жолаушылар пойызына қатысты тергеу басталды. Оқыс оқиғаға байланысты құзырлы органдардан комиссия құрылып, анықтау, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Ақтөбе жол бөлімшесінің «Сексеуіл-Шалқар» станциясы аумағында болған оқиға 9 қыркүйек күні сағат 10:19 минутта тіркелді. №2804 жүк пойызының 26-шы вагонына тиелген кран жебесі қозғалып кетіп, келесі жолдағы жолаушылар пойызының локомотиві мен вагондарын жеңіл сырып өткен. Нәтижесінде қарсы жолмен келе жатқан Тальгоның бірнеше вагонына зақым келді.