Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы өтеді

Жаңалықтар
21.09.2021, 11:38
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 22-24 қыркүйек аралығында ЕХРО Халықаралық көрме орталығы алаңында ҚР Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Дәстүрлі форум шеңберінде машина жасау және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Machinery Fair 2021» I халықаралық мамандандырылған көрмесі де ұйымдастырылады. Сондай-ақ, шара аясында Үкімет мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс, 2019-2024 жылдарға арналған машина құрастыруды дамытудың Жол картасын жүзеге асыру туралы пікірсайыс өткізілмек. Сонымен қатар машина жасау саласына кадрлар дайындау ісі қаралып, машина жасау саласының басым бағыттары бойынша секциялық жиындар өткізу де жоспарланған. Маңызды іс-шараның екінші күніндегі секциялық отырыстардың бірі «Темір жол саласындағы машина жасау» ісіне арналады. Бұл тақырып аясында теміржолда машина жасау ісінің инновациялық және индустриалды дамуы туралы сөз болады. Айта кетейік, отандық машинажасау өндірісінің көш басында теміржол машиналарын жасау саласы тұр. Тек тәуелсіздік жылдары Астанадағы индустриялық паркте Локомотив құрастыру зауыты, Электровоз құрастыру зауыты, «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагондарын жасау және Екібастұз жүк вагондарын шығару кәсіпорындары мен Ақтөбеде рельс өндірісін жолға қойған алып өндіріс орындары іске қосылды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті