Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумы: теміржолдағы тың жобалар
Елордадағы ЕХРО халықаралық көрме кешенінде Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумы өтті. Екі күнге жоспарланған шараның пленарлық отырысына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Президент өз құттықтауында Қазақстан машина жасаушылары алға қойылған міндетті абыроймен еңсеріп, шығарылатын бұйымдардың аталымын кеңейтіп жатқанын атап өткен. Мемлекет машина жасау саласындағы өзекті жобаларды әрқашан қолдап келгені және қолдай беретінін жеткізген.
Форумның екінші күні өткізілген секциялық отырыстардың бірі теміржолдағы машина жасау саласына арналды. Отырысқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев төрағалық етті.
– Бүгін машина жасаудың басым салалары бойынша отырыстар өтуде. Солардың ішінде теміржолдағы өндірістік кәсіпорындар бір алаңда бас қосып отырмыз. Қазақстанда темір жол саласын дамыту мен қолдау бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі отырыста сол жұмыстар нәтижелері мен осы саладағы өзекті мәселелер шешімі табылады деген сенімдемін, – деді Б.Котырев.
Әрі қарай баяндамашылар сөз кезегін алып, ұлттық компанияның техникалық саясат және реттеу департаментінің бас менеджері Ерлан Смаилов «Теміржол өнімдерін өндіру бойынша жүргізілген тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы» баяндады.
– Компанияда машина жасау кәсіпорындарымен өзара қарым-қатынас жүйесі жолға қойылған. 2018-2020 жылдар аралығында 194 тәжірибе жұмыстары жиналды. Теміржолдағы машина жасау саласында 100-ден астам кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр. Ғылыми-конструкторлық және тәжірибелік жұмыстарды енгізу үшін техникалық орталық жұмыс істейді. Теміржол саласындағы машина жасау кәсіпорындарымен өзара байланыс орнатуда осы орталық «фронт кеңсе» болып саналады, – деді ол өз сөзінде.
«Проммашкомплект» ЖШС бас директорының орынбасары Иван Дычко «Өнімдердің жаңа түрлерін игеру туралы» мәліметтер берсе, «Қамқор Менеджмент» ЖШС өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі атқарушы директоры Әділжан Шоманов «Шпал өндіруде полимерлі және композитті технологияларды қолдану туралы» баяндады. Пленарлық отырыста өзге де машина жасау саласы кәсіпорындарының өкілдері сөз алып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Форумға қатысушылар Қазақстандағы заманауи теміржол машина жасау ісінің дамуы туралы айта келе нарықтың бұл саладағы барлық мәселелерді шеше алмайтынын, сондықтан стратегиялық консультант ретінде ұзақ мерзімді жоспарлау, болжау, талдау мәселелерінің шешімін өз мойнына алу үшін мемлекеттің осы іске қатысуын күшейту қажеттілігін алға тартты. Сонымен қатар стратегиялық жоспарлар жасап, нарыққа ұдайы мониторинг жүргізіп отыратын, тұрақты талдау есебін дайындайтын ғылыми-талдау орталығын ашу туралы ұсыныстар берілді. Мемлекет теміржол машина жасау секторында инновацияны дамытуды белсенді қолдап, әсіресе инновациялық вагондарды тиімді қолдану саласында зерттеулерді ынталандыру керектігі, сол үшін отандық көлік ғылымының әлеуетін дұрыс пайдалану қажеттілігі айтылды.
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды