Жыл басынан бері 28 адамның ажалы теміржолдан болған

Жаңалықтар
27.09.2021, 10:44
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол көлігінің қауіп-қатерін елемей, абайсызда ажал құшып жатқандар саны артпаса, кемімей отыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, биыл сегіз ай ішінде 53 адамды пойыз қағып, 28 адам мерт болған. Оқиғаларды талдау мен тексеру қайғылы жағдайларға көбіне зардап шеккендердің өздері кінәлі екенін айғақтайды. Олардың бірі құлаққаппен музыка тыңдап келе жатып пойыздың келгенін байқамай қалса, енді бірі масаң күйде жолға шығып кетіп опық жейді, ал кейбірі өмірден түңіліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болады. Тақап қалған пойыздың алдынан өтіп үлгеремін дейтіндер де бар. Күз басталысымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ осындай оқиғалардың алдын алу іс-шараларын күшейтті. Теміржол станцияларында, халық жолды рұқсатсыз кесіп өтетін жерлерде көлік полициясы желілік бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер өткізілуде. Теміржолға жақын орналасқан аудан тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті