Ертең «Қазақстанның көліктік әлеуеті: өткені мен болашағы» атты халықаралық конференция басталады

Жаңалықтар
28.09.2021, 10:13
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мемлекет қайраткері Нығметжан Есенғариннің 80 жылдық мерейтойына орай биыл 29 қыркүйекте елорда төрінде «Қазақстанның көліктік әлеуеті: өткені мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Жиында егемен еліміздің жетістіктері мен нарықтық экономикаға көшу кезіндегі аумалы-төкпелі кезеңде Н.Есенғариннің елімізде көлік-логистика саласын қалыптастыруға қосқан орасан зор үлесі кеңінен сөз болады. Іс-шараға алыс-жақын шетелдерден беделді халықаралық деңгейдегі логистикалық ұйымдар өкілдері, көлік және логистика саласындағы оқу орындарының басшылары мен белгілі қоғам қайраткерлері, билік өкілдері, теміржолшылар қауымы қатысады. Конференцияға Қазақстан теміржолының дамуына қомақты үлес қосқан теміржолшы ардагерлердің арнайы шақырылуы бұл шараның маңызын арттырып, салмағын еселей түспек. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңесінің мүшелері – Қуаныш Котырев, Қадыл Таласпеков, Ескендір Рахметжанов, Бақтарбек Жүнісов, Болатбек Дүйсемалиев, бұрынғы жол бөлімшелері басшылары – Әмірхан Төреханов, Қалтай Сәмбетов, Алданыш Нұрымов, саланың ардагерлер ұйымының басшылығында жүрген белгілі байырғы теміржолшылар – Берік Айтбеков, Серік Сүлейменов, Марат Хамзин, Асқар Сәрсенбеков бар. Ауқымды шараның ресми бөліміне ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, Қытай, Ресей теміржолының өкілдері, Қарағанды облысы, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдіктерінің өкілдері қатысады деп күтілуде. Конференция бірнеше маңызды тақырыптарды арқау ететін сессиялардан тұрады. Трансеуразиялық көлік бағдары бәсекелестігі күшейген тұста Қазақстан аумағы арқылы транзиттік дәлізді дамыту мәселелері сөз болатын бірінші сессияда халықаралық көлік тасымалы компаниялары мен ұйымдарының өкілдері сөз алады. Екінші сессия темір жол көлігі жұмысының тиімділігін арттырудың басты факторы ретінде цифрландыруды қарастыру мәселесіне арналады. Үшінші сессия – Қазіргі заманғы логистика және көлік-инновациялық шешімдер тақырыбын қамтиды. Шара бейнеконференция түрінде өтеді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті