Ақтөбеде төтенше жағдай кезінде тоқтап қалған жолаушылар пойызындағы мыңға жуық адамға толық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Ақтөбе теміржол вокзалы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде барлық бағыттағы жолаушылар және жүк пойызы жүріп жатыр.

«Төтенше жағдай кезінде Ақтөбе теміржол вокзалында 700-ден астам, ал Қандыағаш вокзалында 400-ден астам жолаушы болды. Теміржол қатынасы уақытша тоқтаған кезде барлық жолаушыға жатын орын, ыстық тамақ беріліп, барлық жағдайы жасалды. Жергілікті атқарушы билікпен бірге жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - деді «ҚТЖ» - Жүк тамысалы» ЖШС Батыс филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев.