ТҚК-2 сервистік қызметінің шеберлері электровоздарды 1 жарым сағатта тексеріп шығады

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Локомотив шаруашылығында тепловоздарды тексеру мен техникалық қызмет көрсетудің бірнеше түрі бар. Соның ішінде ТҚК-2 сервистік қызметтің орны бөлек. Астана локомотив пайдалану депосында бұл қызметті тәжірибелі слесарлар атқарады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Депода ТҚК-2 қызметі барлық локомотивтерге жаппай көрсетіледі. Бір ауысымда 10-12 слесарь жұмыс істейді. Цехтың аға шебері Мейіржан Бапаевтың айтуынша, олардың басты міндеті – тепловоздардың жүріс бөлігін, тежегіш жүйесін, тартпа қозғалтқыштарын, көмекші агрегаттарын, трансформаторын және электр аппараттарын қарап, тексеру, егер ұсақ-түйек ақау анықталса, сол жерде жөндеп жібереді. Яғни, косметикалық жеңіл-желпі, сонымен қатар негізгі жүріс бөліктердің күтімін жасау болмақ. Қаз-қатар тізілген тепловоздар мен электровоздарды мұнда тексеріп қараудың шектеулі уақыты бар. Мәселен, бір электровозды қарауға 1 сағат 20 минут берілсе, тепловоз 1 сағатта қаралады. Аға шебер Мейіржан бізді арнайы шұңқыр үстінде тұрған тепловозға алып барып, оның астында да, үстінде де, тіпті ішінде де слесарьлардың қызу жұмысын жасап жатқанын көрсетті.

– Бізде барлығы 4 ауысым бар, сонда жалпы 48 адам жұмыс істейді. Слесарьлар өз қызмет саласына қарай бірнеше циклға бөлінеді. Мәселен, аппарат жөндеуші, автомат жөндеуші, аккумулятор жөндеуші, жүріс бөлшегін жөндеуші, асты-үстін қарайтын механиктер, мотористер, төбе жөндеуші, кранды тексеруші деген сияқты түрлі саладағы слесарьлар әр ауысымда таңғы 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін және одан әрі таңға дейін бөлініп жұмыс атқарады. Егер осы визуалды қарау кезінде ақау табылса, акт жазылып, «Қамқор локомотивке» жөндеуге жібереміз, – дейді М.Бапаев.

Цехқа кірген бетте қолқаны қапқан шаң мен майдың иісі болмаса, барлық жерде тазалық пен тәртіп сақталған. Иіс – локомотивтерде жиі ауыстырылатын май мен құмның салдары екені белгілі. Бастарына каска, қолдарына қолғап және басқа да арнайы киімдерін киіп жұмыс істеп жатқан жұмысшылар үшін мұның бәрі қалыпты жағдай екені көрініп тұр, тепловоздардан жұққан майға да, иіске де қарамай өз жұмыстарын мұқият атқарып жатыр. Ауысым шебері Марат Нұрмағамбетовтің айтуынша, олар зиянды еңбек жағдайына байланысты берілетін сүт өнімдерін алады, емдеу-сауықтыру орындарына жолдама беріледі.

– Әр жүк электровозы 36-48 сағат сайын осы тексеруден өтіп тұруы керек. Ал жолаушылар электровозы қанша жүргеніне қарамастан, жиі тексеруден өтеді. Маневрлік тепловоздар аптасына бір рет қаралады. Олардың майының деңгейін қараймыз, тежегіш бұғауын ауыстырамыз, керек болса құмын салып береміз. Толық тексеруден өткен соң тепловоздарға арнайы штамп қоямыз, сервис сапасы слесарьлар біліктілігіне сын болғандықтан, біздің жігіттер жұмысты тыңғылықты атқарып үйренген, оның үстіне мұндағы слесарьлардың дені – 30-40 жыл тәжірибесі бар нағыз темірден түйін түйгендер, – дейді ауысым шебері.
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті