Батыстан Алматыға қатынайтын пойыздарға қосымша вагондар қосылды

Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Батыс аймағында жаз маусымына байланысты Алматы бағытындағы жолаушылар пойыздарына сұраныс артады. Сондықтан биыл оңтүстік астанаға қатынайтын №24, №34 жолаушы пойыздарына екі вагоннан тіркеліп отыр.

Ақтөбе теміржол вокзалында ығы-жығы халық, жаз маусымына байланысты жолаушылар қарқыны екі есеге артқан. Өңір тұрғындарының арасында демалыс сапарын теміржол қызметі арқылы жоспарлайтындар да көбейген. Соның ішінде Алматы, Маңғыстау бағытындағы пойыздар билеті күні бұрын сатылып кетеді. 

«Вагондарды тіркеу кестесін жасау кезінде жолаушылардың сұранысы ескеріледі. Қазіргі уақытта Алматы бағытына сұраныс өте көп. Туристік маусым қажеттілігін ескеріп, қосымша вагондар қосылып жатыр», – дейді Ақтөбе теміржол вокзалының басшысы Тойбазар Қуанышев. 

Қазіргі күні Ақтөбе вокзалы тәулігіне 8 жұп және 11 тақ пойызын қабылдап отыр. Күніге үш мыңнан аса адам вокзал қызметін пайдаланады. Вокзал басшысының айтуынша, жолаушылардың дені жол жүру билеттерін теміржол компаниясының BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдейді. 

«Жолаушылар билет алуды электронды түрде рәсімдеуді меңгеріп алған, орын болмаған жағдайда «Күту парағы» арқылы сұраныс жасауды да біледі. Бірақ, сонда да вокзалдағы билет кассаларының алды босамайды», – дейді вокзал басшысы.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға