Пойызға билет жоқ: «Күту парағы» жүйесінің көмегі

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жазға қарай пойызға билет табу қиямет-қайымға айналады. Таныстар тарапынан «теміржолға жақын жүрсің ғой, билет тауып берсеңші..» деген өтініш те көбейеді. Өзіміз де көппен бірге онлайн тапсырыс беретінімізді айтып, сонда да болса көмек қолын созуға ұмтыласың. Бірақ ондай кезде жеке адамдарға қолқа салмай, компанияның билет сату сайтындағы «Күту парағы» жүйесінің көмегіне жүгінемін.

Бұл қызметті әзірге қарапайым халық «тани» қоймаған ба, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қанша насихатталса да, оны пайдаланатындар қатары көбеймей тұр. Тіпті өзім де жақында ғана алғаш рет қолданып, «Американы ашқандай» болдым. Бір аптаға билет таппай қысылған танысыма билет алып беріп бұл жүйеге де, өзіме де риза болып қалғаным бар. Сондықтан, көпшілікке осы қызметті таныстырып, пайдалану, билетті рәсімдеу жолын түсіндіріп, «Жолаушы тасымалы» АҚ ұсынып отырған сервистің игілігін көрушілер қатарының артуына ықпал еткім келеді. 

Сонымен «Күту парағының» көмегін алу үшін сіз тек қана ҚТЖ-ның сайтынан жеке логинь, парольмен кабинет ашасыз. Сол кабинетке кіргенде «Күту парағы» жолағын басып, күту парағына өтінім беру батырмасын басасыз. Одан әрі қайдан қайда, қай күні бағыт алатыныңызды көрсетіп, билет іздейсіз. Сол кезде сіз негізгі сайттан іздегенде жоқ болған билеттер осы жерден табылып қалуы әбден мүмкін. Ал мұнда да жоқ болса, әрі қарай барлық деректеріңізді толтырып, телефон нөміріңізді қалдырасыз да, күтесіз. Яғни, сервистік қызметтің аты айтып тұрғандай, билетін кері өткізетіндер болады, содан босаған және басқа да бос орындар туралы хабарлама келеді. Күту парағына өтінімді билет алатын күннен 7 күн бұрын бере аласыз. Одан арыға өтінім қабылданбайды. Байқағаным, көп жағдайда билеттер осы қызмет арқылы табылып жатады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл өткен 5 айда сайт арқылы барлығы 8 млн 543 мың 909 электронды билет сатылған. Соның ішінде онлайн билеттердің үлесі 70 пайыз, демек қазір халық вокзалдағы кассаға бармай-ақ үйде, кез-келген жерде отырып-ақ билет алуға дағдыланды. Ал «Күту парағы» қызметін осы аралықта 96777 адам пайдаланыпты. Соның 66 061-нің өтінімі қанағаттандырылып, 34 212 адам билет сатып алған. Демек, бұл қызметті пайдаланушылар қатары аз да болса өскен. 

Міне, кез келген жолаушы вокзалдағы танысы, компаниядағы туысына қолқа салмай-ақ, көзі ашық, сауатты адам болса ҚТЖ-ның цифрландыру саласын дамытып, адами факторды азайту мақсатында енгізілген жүйесінің жемісін көруіне әбден болады.

Аймақтар
29.06.2026
ҚТЖ мен Wabtec Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебін салып жатыр
Әлемде
29.06.2026
Израильдегі теміржол құрылысы кезінде 1700 жылдық Рим мүсіндері табылды
Жаңалықтар
29.06.2026
Жолаушылардың тыныштығы – басты назарда
Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды