Ақтөбеде дала өртінен жолаушылар пойызы тоқтатылды

Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысында дала өрті теміржолға қауіп төндірді. Оқиға 2 қыркүйек күні 17:35 шамасында Әйтеке би ауданына қарасты Үйтас станциясы аумағында тіркелді. Теміржолға төнген қауіп салдарынан жолаушылар пойызы тоқтатылды.

Құрғақ шөп тез жанып және қатты желдің әсерінен ол лезде теміржолға жеткен. Ағаш шпалдар жанып, жолдың келесі бетіне өтіп үлгерген.  

«Өрт теміржол бойының 1046-1053 шақырымында, Никельтау және Әйтеке би станцияларының аумағында болды. Үйтас – Құдықсай аралығында далалық өрт теміржолға кірді. Сол күні жел жылдамдығы жоғары, ауа райы да ыстық болды. Шпалдарға әр жерден от тиді. Теміржолға қауіп байқалған сәттен бастап бірден Әйтеке би өрт сөндіру пойызы іске қосылды», – деп хабарлайды Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаев.  

Теміржолға далалық өрт қауіп төндірмес үшін жолдың екі жағы да ені 4 метр болатындай етіп жыртылған. Бірақ желдің қатты болуынан өртті ауыздықтау оңайға түспеді.  

Сондықтан сағат 17:20-да «Нұр-Сұлтан-Орал» бағытындағы №58 жолаушылар пойызы тоқтатылды. Пойыз жолаушыларын тамақтандыру ұйымдастырылды. Сағат 21:00-де қозғалыс толығымен қалпына келтіріліп, пойыз сапарын әрі қарай жалғастырды. Қазір пойыздардың қозғалысы штаттық режимде.  

Әйтеке би өрт сөндіру пойызы екі күн оқиға орнында болып, жұмыс жасады. Жол бойындағы әр жерден жанған шпалдар толаскездер кезінде қалпына келтірілді.  

Далалық өрт кезінде адамдар зардап шеккен жоқ. Өрттің жалпы ауданы 500 га құраған. Өрт сөндірушілер табиғи өрттің туындауына, олардың таралуына және елді мекендерге жақындауына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігін есте сақтау қажеттігін ескертеді. Қостанай облысында өрт қауіпсіздігі сейілмегендіктен қазір Никельтау станциясы басында Қандыағаш өрт сөндіру пойызы кез келген жағдайға дайын тұр.

 

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде