Жаз қандай оқиғалармен есте қалды

Суретті түсірген Александр Жабчук

Миллионыншы жолаушы, пойызда өмірге келген сәби. Жолаушылар пойызында биылғы жаз көптеген қызықты оқиғалармен есте қалды.  

Күн жылынып, жаз мезгілі келісімен ҚТЖ қызметін таңдайтындар қатары артып, пойызбен арлы-берлі қатынау жиілей түседі. Демалысқа шыққан студенттер пойызбен үйлеріне бет алса, ауылдағы оқушылар керісінше қалаға қыдыруға аттанады. Еңбек демалысына шыққан азаматтар да туған-туыс, жора-жолдастарын аралап жолға шығады. Біреу белгілі бір себептермен жол жүрсе, тағы бірі той, құдалыққа бара жатады. Ел аралап, көрікті мекендерді тамашалау үшін пойызға отыратындар да көп. Бір сөзбен айтқанда темір жол қызметін таңдайтындар күрт көбейеді, соған қарай жол бойында түрлі қызықты жайттар да болып тұрады.  

Миллионыншы жолаушы

Тамызда Тальго пойызының биылғы миллионыншы жолаушысы тіркелді. «Нұр-Сұлтан – Өскемен» бағытындағы №67/68 жүрдек пойызбен жүрген  10 жасар Аяжан Байтілек миллионыншы жолаушы болды. Темір жол қызметкерлері оны елорда вокзалында ерекше салтанатпен күтіп алып,  тәттілер мен сыйлықтар табыстады.  Миллионыншы жолаушының анасы мұндай тосынсыйды күтпегендерін айтып, теміржолшыларға алғыстарын білдірді.  

ҚТЖ үнемі клиент ыңғайына қарай жұмыс істеп, оларды қуантуға әзір тұрады.

Пойызда дүниеге келген бала

Мамыражай мамырда темір жол қызметкерлері кенеттен толғағы қысқан әйелді пойызда босандырып алды. Жүкті әйел "Астрахань-Атырау" бағытындағы №626 жолаушылар пойызымен Атырауға бара жатқан. Таңғы сағат 5-ке қарай толғағы келген әйел жолсеріктерге көмекпен жүгінеді. Құрам бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасы қажетті шаралар қабылдайды, нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіп, жедел жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртады. Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова  есімді жолсеріктер әйелді босандырып, оған қажетті көмек көрсетеді.  

Атырау станциясына жеткенде жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлеріне дін аман табыстады. Осылайша қыз бала пойызда өмірге келіп, көпшілікті бір қуантты. Кішкентай жолаушымыздың жолы әрдайым ашық болсын деп тілейміз!

Алакөлге қосымша пойыздар жіберілді

Жаз келсе тұрғындар еліміздің інжу-маржаны саналатын – Алакөлге демалуға асығады.  Биыл Алакөл курорттық аймағы бағытында билеттерге деген жоғары сұранысты қанағаттандыру үшін вагондар саны ұлғайтылды, оған қоса Нұр-Сұлтан мен Алматыдан қосымша пойыздар жіберілді. Осы жазда Алакөл бағытында барлығы 11 жолаушылар пойызы қатынады.  

Сондай-ақ Алакөлдің курорттық аймақтарына жолаушылардың жайлы саяхатын қамтамасыз ету үшін алғаш рет ИжИДМ Көлік комитетімен бірлесіп Алматы-Достық бағыты бойынша «Тальго» вагондарымен екі пойыз ұйымдастырылды. Жол жүру уақыты 16 сағаттан 14 сағатқа қысқарды.

Осындай келелі істердің арқасында биылғы маусымда былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Алакөл көлінің курорттық аймағына жөнелтілген жолаушылар саны 29%-ға немесе 10 181 жолаушыға артқан.  

Жалаңашкөл және Ақши бекеттерінде қосымша кассалар ашылды. Туристік операторлар үшін коммерциялық пойыздарда орындарды мерзімінен бұрын брондау қызметтері және 180 күннен бастап беру құқығы және 5% жеңілдік қарастырылған, ал комиссиялық алым құны 850 теңгеден 550 теңгеге дейін төмендетілді.  

Атқарылған еңбек ескерусіз қалмады, «Атамекен» ҰКП және туризм саласының өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на ішкі туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.  

Қазақстан темір жолы жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз жетуі үшін сервистік қызметтерді жақсартып, ескі вагондарды жаңасына ауыстырып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

 

Жаңалықтар
29.06.2026
Жолаушылардың тыныштығы – басты назарда
Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін