Пойызбен жол жүргенде өзіңмен бірге не алу керек?

Суретті түсірген Александр Жабчук

Бүгін пойызбен ұзақ сапарға шыққанда өзіңмен бірге қандай қажетті заттарды алу керектігі туралы баяндаймыз. Мәселен, 2-3 сағаттық жолға адамдар шыдауы мүмкін, ал ұзақ сапарға бет алғандар жолда өзін жайлы сезініп әрі уақытын тиімді өткізуді қалайды. 

Пойызбен жиі жүретіндер алдын ала жолға қажетті заттардың тізімін жасап, мұқият дайындалып шығады. Мұның барлығы жолда қолайсыз жағдайға тап болмай, сапарды жеңіл еңсеруге көмектеседі. Ал, пойызға бірінші рет отырған немесе сирек жүретін адамдар әбден жайғасқан соң «ана затымды ала саулым керек» еді деп өкініштерін білдіріп жатады. Сондықтан жолға қажетті маңызды деген заттардың тізімін жасауды жөн санадық.

Құжат

Үйден шықпас бұрын  құжаттар мен ақшаңызды тексеріңіз. Пойыздың билетін, паспорт немесе жеке куәлігіңізді, баланың туу туралы куәлігін, балаға берілген сенімхатты бір тексеріп, қолға аздаған ақша алғаныңыз дұрыс.  

Құжаттар мен бағалы заттарыңызды шағын сөмкеге салып алсаңыз тіптен жақсы, яғни олар үнемі өзіңізбен жүру керек. Қазір жолға өте ыңғайлы белге тағып алатын сөмкелердің түр-түрі бар.  

Жолда өзіңізбен бірге ірі көлемде ақша алмағаныңыз дұрыс, ішіп-жеріңізге жетер алсаңыз жетеді. Қазір дүкендердің көбінде төлемді электронды түрде жасауға болады, бірақ жол бойындағы кейбір елдімекендерде байланыс нашар болғандықтан, интернет ұстамай қалып жатады.  

Киім-кешек

Пойызға ауыстырып киетін киім алып алғаныңыз дұрыс. Бастысы ол ыңғайлы болсын.  

– аяққа сұға салатын сандал;

– футболка немесе майка;

– шорты немесе спорттық шалбар;

– құлаққап пен көз маскасы жақсы ұйықтауға көмектеседі.

Бұл жерде жыл мезгіліне байланысты, жазда вагон іші ыстық болғанда жеңіл киінген жөн. Ал қыста кейбір вагондар салқын болады, ол кезде өзіңмен бірге жылы киім алған дұрыс.

Гигиеналық заттар

Пойызда қолайсыз жағдайға тап болмас үшін өзіңізбен бірге гигиеналық құралдарды да алып жүргеніңіз дұрыс.  

– тіс пастасы мен щетка;

– сабын;

– антибактериальды салфетка;

– әжетхана қағазы;

Сүлгіні төсек жаймаларымен бірге вагонда береді, десе де өзіңіздің бет орамалыңызды алып алсаңыз да болады.  

Кішкентай баласымен жүргендер ұмытпай горшок алып алғаны дұрыс.

Дәрі-дәрмек

Жол болған соң небір жағдай болады, кейде су немесе тамақ жақпай қалып жатады. Кейбірінің басы немесе іші ауырып жатады. Соның барлығына дайын болу керек. Ол үшін мына дәрілерді салып алған жөн:

– ауырсынуды басатын дәрі;

– аллергияға қарсы дәрі;

– іш өтуге қарсы дәрі;

– бастың дәрісі;

– ыстық түсіретін дәрі;

– пластырь мен йод алып алған да артық етпейді.  

Жолға қандай тамақ алған жөн?

Пойыздың басты романтикасы – тамақтану және жаныңдағы жолаушылармен әңгіме-дүкен құру. Біздің адамдар үшін пойызда шай ішіп, тамақтанудың орны ерекше. Өйткені пойыз орнынан қозғала салысымен көпшілік ыдыстарын шығарып, шай ішуге ұмтылады. Бірер сәтте ет, қазы, доширак пен жұмыртқаның иісі вагонның ішін алады. Әдемілеп жайғасқан жолаушылар алдындағы шайдан ұрттап қойып, қызықты әңгімеге кірісіп кетеді.  

Көпшілік пойыздағы мейрамхана тамағына жолай бермейді, жол-жөнекей тоқтаған станциядан азық алғанды ұнатады. Дегенмен, жол бойынан тамақ алғанда абай болу керек, әсіресе жазда. Күннің ыстығында тез бұзылатын еттен және балықтан жасалған тағамдарды алмауға тырысыңыз және олар сізге дейін біраз уақыт тұрып қалған болуы да мүмкін. Сондықтан ыстық күнде астан уланып қалмас үшін, жеңіл-желпі тамақ пен жеміс-жидек таңдаған дұрыс.  

– қайнатылған картоп;

– қайнатылған жүгері;

– жылдам әзірленетін ботқа;

– тәтті бәліштер;

– қияр, қызанақ, алма, мандарин, банан;

– су, бірреттік қолдануға арналған шай, тұз, қант т.б.

Уақытты тиімді өткізу

Пойызда іші пысып, уақытын өткізе алмай отырғандарға кітап жақсы көмектеседі. Ұзақ жолға шығып бара жатсаңыз қызықты кітап ала шығуды ұмытпаңыз. Қазір көпшілік телефонға телміреді, бірақ станциялардың арасында байланыс болмай қалатын ескерсек, уақытты тиімді өткізуде кітаптан артығы жоқ.  

Сондай-ақ кішкентай баламен кетіп бара жатсаңыз ойыншық ала шығыңыз. Өйткені ұзақ жолға балалар шыдай бермейді, іштері пысып, мазаңызды алады.  

Жолға дайындалғанда телефоныңыздың қуаттағышын ұмытпаңыз. Қазір көптеген вагонда тоқ көзі бар. Егер жолда телефоныңыз сөнетін болса, жеткенше қобалжып, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Сондықтан өзіңізге керекті ең басты нәрселерді ұмытпағаныңыз жөн.  

 

Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп