Алакөлге биыл 30 мың жолаушыны артық тасымалдау жоспарлануда

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында Ұлттық тасымалдаушының жазғы жолаушы тасымалын ұйымдастыру және интермодальды тасымалдау жобасын іске асыру бойынша өткен брифингте айтылды. Жиынға қатысқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов биыл Елордадан алғаш рет «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» жайлы пойызы жөнелтілетінін де жеткізді. Құрам аптасына екі рет жүреді. Жалпы, биыл жазғы маусымда Алакөлге өткен жылмен салыстырғанда 30 мың жолаушы артық тасымалдау жоспарлануда екен. Өйткені, соңғы екі жылда осы бағытта және кері қарай жолаушылар ағыны екі есе өскен.  

Айтуынша, көліктік қолжетімділікті жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ ҚР ИИДМ, әкімдіктермен, туроператорлармен, әуе және автотасымалдаушылармен бірлесіп ел ішінде интермодальды тасымалдауды (көліктің екі және одан да көп түрін пайдалану) ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл тұрғындардың көлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі тасымалдау жаңа моделінің негізі болады.  

– Интермодальды тасымалдаудың келесі қызметтерін ұсыну жоспарлануда: «ПОЙЫЗ+ПОЙЫЗ» қызметі бір пойыздан екіншісіне ауыса отырып, межелі пунктке дейін жол жүруді көздейді. Ал «ПОЙЫЗ + АВТОБУС» қызметі жолаушыларға вокзалдан үйге дейін трансфер ұсынады. Үшінші, «ПОЙЫЗ+ҰШАҚ» қызметі жолаушыларды вокзалдан әуежайға тасымалдау. Жолаушылармен кері байланысты жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ пилоттық режимде «KTZH_PP_BOT» телеграмм ботын іске қосты. Осы байланыс арнасы арқылы билетті сатып алу және қайтару туралы қажетті ақпаратты, пойыз кестесін және басқа да анықтамалық мәліметтерді алуға болады. Сондай-ақ, жолаушылар 1433 анықтамалық қызметінде және «Жолаушылар тасымалы» АҚ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы тегін кеңес ала алады, – деді Ж. Тайжанов.  

Жалпы бүгінгі таңда елімізде теміржол жолаушылар маршруттарының жалпы саны – 140. Оның 73 пайызына «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ал қалғандарына жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетеді, яғни бұл дегеніміз – 102 маршрут, соның ішінде алыс өңірлерге баратын 41, қала маңы бойынша 61 бағдар бар.  

Журналистер сауалына «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының маркетинг және сервис жөніндегі орынбасары Мұхит Тұрсынбаев және «Жолаушылар тасымалы» АҚ өндіріс жөніндегі атқарушы директоры Асхат Ақынбеков те жауап берді. Олар компания Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалынан жолаушыларды үйге дейін 850 теңгемен тасымалдайтын такси қызметі іске қосылғанын жеткізді. Бұл қызметті Алматы-Астана, Шымкент-Астана бағытында қатынаған жолаушылар пайдалана алады. «Перроннан – үйге дейін» пилоттық жобасы 17 сәуірде іске қосылып, содан бері оны 300-дей адам пайдаланып үлгерген. Интермодальді тасымал қызметі компания пойыздарынан түсіп, автобусқа немесе маршурттық таксиге отырған жолаушыларға көрсетіледі. Вагонда QR болады. Соны сканерлеп Астанада баратын үйдің мекенжайын жазу керек. Осылайша ақырғы нүктеге жетуге болады. Жоба жемісті болса компания басшылығы қызмет аясын Астанамен шектемей, кеңейте түсуді жопарлап отыр.

 

Жаңалықтар
27.02.2026
«КСО» АҚ-да референдум талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.02.2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Цифрландыру
27.02.2026
Теміржолдағы технологиялық серпіліс
Жаңалықтар
27.02.2026
Апаттың алдын алғандар
Спорт
27.02.2026
Шаңғы жолындағы жарыс
Жаңалықтар
27.02.2026
Колледж бен жұмыс берушілер бас қосты
Жаңалықтар / Мұрағат
27.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №15 27 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
26.02.2026
Ақтөбе теміржолшылары Мемлекеттік кеңесші мен жұртшылықтың қатысуымен конституциялық реформаны талқылады
Жаңалықтар
26.02.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жаңа Конституциясының жобасын талқылады
Жаңалықтар
26.02.2026
Алматыда III Халықаралық ESE ASIA-2026 көлік форумы өтеді
Станция тынысы
26.02.2026
Атырау станциясының тыныс-тіршілігі
Станция тынысы
26.02.2026
Жіңішкенің жүктемесі жоғары
Инфрақұрылым
26.02.2026
Маңызды инфрақұрылымдық жобалар сөз болды
Аймақтар
25.02.2026
Атырау станциясының үздік маманы зейнет демалысына шықты
Әлеумет
25.02.2026
Рамазан – мейірім айы
Жаңалықтар
25.02.2026
ӘТЖК-да Конституцияны талқылау
Жаңалықтар
25.02.2026
Қазақстан теміржол өнімдерін Пәкістан нарығына экспорттайды
Әлемде
25.02.2026
Қытайда Көктем мерекесі кезінде 2,8 миллиард адам тасымалданған
Әлемде
25.02.2026
Қытайдан Тәжікстанға алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты
Әлеумет
24.02.2026
Ел болашағы туралы диалог