Жолаушылар игілігіне – 13 жаңа вагон

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ел теміржолындағы жолаушылар вагоны паркі отандық «ЗИКСТО» зауытының өнімдерімен толықты. Кеше елордадағы «Нұрлы жол» вокзалына аталған зауыттың заманауи плацкарт және купе жолаушылар вагондарының бірінші партиясы жеткізілді. Олар Қарағанды – Жезқазған, Атырау – Маңғыстау, Атырау – Ақтөбе бағыттары бойынша қатынайтын пойыздар құрамында болады.

Вокзал кешеніне жеткізілген «ЗИКСТО» зауытының алғашқы 13 вагонын елге көрсетіп, таныстыруға ҚР Көлік министрлігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары келді.

– Бұл вагондарды Петропавлдағы «ЗИКСТО» компаниясы ресейлік Тверь зауытының технологиясы бойынша құрастырып шығаруда. Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар вагон паркі алдағы қазан айының соңына дейін 50 вагонмен толығар болса, келесі жылдың басында тағы 100 бірлігі жеткізілмек. Ал 2030 жылға дейін Stadler компаниясының 537 жоғары технологиялық вагондарын сатып алу көзделген. Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін вагондар ауаны баптау қондырғысымен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купелер мен сол купелерде душ қабылдау орындары да бар. Вагондарды пайдалану шарттары сақталған жағдайда, олардың қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайды. Бір вагонның құны – 537 миллион теңге. Жалпы вагондардың тозу деңгейі 49 пайызды құрайды. Жаңадан құрылған көлік министрлігінің басты назарға алатыны – осы вагондар алу мәселесін түбегейлі шешу болмақ, – деді мемлекеттік ведомствоға қарасты Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әлі.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжановтың айтуынша, вагон паркін жаңарту бойынша барлық жоспарланған іс-шараларды ескере отырып, 2030 жылы вагондардың орташа шыққан жылын 18-ден 13-ке дейін төмендету жоспарда бар екен. Яғни жаңа вагондар көбеймек. Бұл ретте вагондардың ауаны баптау жүйесімен қамтамасыз етілуі 100% құрайтын болады. Соңғы он жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі 50%- ге жаңартылған. Қауіпсіздік, жайлылық және экологиялық «қасиеттері» бойынша заманауи халықаралық талаптарға жауап беретін 1200-ден астам вагон сатып алынған.  

– Жалпы ұлттық тасымалдаушының вагондар паркі Үкіметтің және Көлік министрлігінің қолдауымен жаңартылуда. Міне, дәл қазір вокзалға жеткізілген алғашқы 13 вагон Астана – Жезқазған, Ақтөбе – Атырау және Ақтөбе – Маңғыстау бағытындағы пойыздар құрамында болады. Вагондардың жаңартылуы пойыздың билет құнына еш әсер етпейді. Батыс өңірі бойынша қатынайтын вагондардың 84 пайызы жаңартылмақ, – дейді Жәнібек Тайжанов.  

Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондар паркінде 2 мыңнан астам жолаушылар құрамы бар. Осы парктегі 654 вагон, яғни жалпы парктегі вагондардың 32 пайызының қолданыста жүргеніне 20 жылдан асып кеткен. Өткен жылы мерзімі біткен 257 вагон есептен шығарылған. Ал парктегі вагондардың 52 пайызының, яғни 1100 вагонның жолаушылар тасымалы қызметінде жүргеніне 12 жылдай болыпты. Ал қалғандарының қолданыстағы мерзімі 12-ден 20 жыл аралығын құрап отыр. Жоғарыда айтып өткеніміздей, кезең-кезеңімен жүргізілетін жаңа вагондар сатып алу үрдісі нәтижесінде, 2030 жылға қарай «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның вагондар паркі 95 пайызға жаңартылады деп күтілуде.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті