ҚТЖ «Павлодар-Алматы» бағыты бойынша 50 жаңа вагонды іске қосты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның вагон паркі Петропавл қаласындағы отандық зауытта өндірілген 50 жаңа жолаушылар вагонымен толықтырылды. Заманауи вагондар №31/32 «Павлодар-Алматы» бағыты бойынша қатынап, жолаушыларға жоғары деңгейдегі қолайлы әрі жетілдірілген сапар жағдайларын ұсынады. Пойыз құрамына 10 вагон кіреді, оның ішінде 3 купе және 7 плацкарт вагондары бар. Жалпы бір бағытта 400-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Пойыз күнделікті қатынайды. Павлодардан жөнелтілу уақыты – сағат 09:00, ал Алматыға келу уақыты – келесі күні 11:44. Алматыдан сағат 15:20-да жолға шығып, Павлодарға келесі күні 18:02-де жетеді.

«Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымын дамытудағы басым бағыттардың бірі ретінде жолаушылар вагондарын жаңартудың маңызын айрықша атап көрсетті. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру шеңберінде компаниямыз вагон паркін жаңарту бойынша қарқынды жұмыс атқарып жатыр, бұл біздің басты стратегиялық басымдықтарымыздың бірі болып саналады. Бүгін «Павлодар-Алматы» бағытына жаңартылған вагондар құрамын жолға шығардық. Жаңартылған пойыз Қазақстанның солтүстік пен оңтүстік өңірлері арасындағы көлік байланысын нығайтуда маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Әнуар Ахметжанов.

Жаңа вагондар халықаралық талаптарға сай әзірленіп, олардың дизайны, қауіпсіздігі, сенімділігі және жолаушыларға жайлылықты қамтамасыз ету деңгейі жоғары стандарттарға сәйкес келеді. Купелер әр жолаушыға арналған эргономикалық жатын орындармен, жеке жарықдиодты шамдармен, бас тірегіштермен және мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған қосымша мүмкіндіктермен жабдықталған (екі USB порты мен екі желілік розетка). Бұл гаджеттерді бір уақытта қуаттауға мүмкіндік береді.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы жабдықталған купелер мен арбаларға арналған орындар қарастырылған, сондай-ақ, купеде жолсерікті шақыруға арналған батырма бар.

Вагондардың пайдалану мерзімі 40 жылға дейін созылады, бұл олардың ұзақ уақыт бойы тиімді қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.

Соңғы екі жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ отандық өндірістен 307 вагон сатып алып, оның 200-ін пайдалануға енгізді. Олардың қатарында №31/32 «Павлодар-Алматы» бағытына қосылған 50 вагон да бар. Жаңа вагондар «Ақтөбе-Атырау», «Павлодар-Түркістан», «Қызылорда-Семей» бағыттарында да қатынайды. Сонымен қатар, 2025-2030 жылдар аралығында озық технологиялар негізінде шығарылатын 537 вагонды сатып алу үшін Stadler Bussnang AG компаниясымен келісім жасалды.

Алдағы жылдары вагон паркін жаңарту жұмыстары жалғасады. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, Қазақстандағы тасымал деңгейін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

 

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz