«Ақтөбе-Қазалы» бағыты бойынша рейс ашылды

Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

2 сәуірден бастап №630 пойызы «Ақтөбе-Қазалы» бағыты бойынша рейске шықты. Қалааралық қатынас Ақтөбеден жұп, Қазалыдан тақ күндері ұйымдастырылған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалы өткен жылдың қазан айында іске қосылған «Ақтөбе-Шалқар» пойызының бағытын Қазалы бекетіне дейін ұзартылғанын хабарлады.  

«Мұның бәрі – жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар. Жаңа қалааралық рейс ақтөбеліктерге ыңғайлы болу үшін кешкі уақытта шығады. Бүгінгі салтанатты шараға Батыс филиалы мен Бөлімше басшылары қатысып, жергілікті тұрғындар өтінішіне орай маршруты ұзарып отырған қалааралық пойыздың сапарына сәттілік тіледі», – деді вокзал басшысы Арсен Кенжин.  

Пойыз Ақтөбеден жұп күндері сағат 22.25-те жөнелтіліп, келесі күні сағат 11.32-де Қазалыға жетеді. Ал «Қазалы-Ақтөбе» бағыты бойынша №629 пойыз тақ күндері сағат 18.20-да жүріп, келесі күні сағат 7.34-те Ақтөбеге жетеді.  

Шалқарға жол жүру құны өзгеріссіз қалады. Ақтөбеден Қазалыға бару үшін билет құны плацкарт вагонында 5 786 теңге болса, купе 8 581 теңгені құрайды. №630 пойыздың Қазалыға алғашқы сапары 2 сәуірде Ақтөбе теміржол станциясының вокзалынан бастау алды.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға