100-ден астам қазақстандық «Jibek Joly» туристік пойызымен жолға шықты

Бүгін Алматыдан 100-ден астам жолаушы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара – Алматы» бағыты бойынша жүретін «Jibek Joly» туристік пойызымен сапарға шықты. Турдың ұзақтығы – 5 күн, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз заманауи әрі жайлы отандық өндірістің вагондарынан жасақталған. Интерьер ұлттық нақышта безендіріліп, дәстүрлі ою-өрнектермен айшықталған. Құрамда үш купелік және бір мейрамхана вагоны бар.

Бағыт бойында туристтер Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орталықтарына аялдап, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін жәдігерлермен танысады. Сапар барысында олар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен көне Отырар қалашығын, Самарқандағы Әмір Темір кесенесі мен әйгілі Регистан алаңын, Бұхарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз алаңын, Ташкенттегі Төле би кесенесі мен Хазрет Имам мемориалдық кешенін тамашалайды.

Турпакетке пойызбен сапар, кәсіби гидтердің сүйемелдеуі, барлық экскурсиялық билеттер мен трансферлер толық қамтылған.

«Jibek Joly» туристік пойызы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бастамасымен және «Өзбекстан темір жолдарының» қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл жоба Қазақстанның халықаралық туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және өңірдің тарихи мұрасын кеңінен танытуға серпін береді.

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда