ҚТЖ жаңа «45-сериялы» жолаушылар вагондарын қабылдайды

Жолаушылар тасымалы
25.11.2025, 10:43
Оқуға 3 мин

2025 жылдың басынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондар паркі Петропавлдағы RWS Wagon («ЗИКСТО» ЖШС) зауытында өндірілген «44-сериялы» 107 жаңа вагонмен толықты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Олардың қатарында купе, плацкарт және штабтық үлгілер бар. Жалпы алғанда, 2024–2025 жылдары тасымалдаушыға барлығы 237 вагон тапсырылды. Бұл жаңартулар Өнеркәсіпті дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Жаңа вагондар «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Павлодар – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Өскемен», «Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана» бағыттарында қатынайды. Жолаушылар бұл вагондардың сапасы мен жайлылығына оң баға беруде.

Жыл соңына дейін Ұлттық тасымалдаушыға жаңа буындағы «45-сериялы» 60 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарланған. Бұл құрамдар теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігіне қойылатын техникалық талаптарға толық сай екені арнайы сертификатпен расталған.

«45-сериялы» вагондарда қауіпсіздік, энергия тиімділігі және экологиялық талаптар толық ескерілген. Ішкі жабдықталуы заманауи стандарттарға сай. Жолаушылардың жайлылығы үшін микроклиматты реттеу және ауаны баптау жүйелері, төсектер, USB және 220V розеткалар, Wi-Fi желісі мен климат-бақылау орнатылған. Сонымен қатар, биотуалеттер, LED жарықтандыру және тиімді жылу оқшаулауы қарастырылған. Мұндай шешімдер тұрақты температураны сақтап, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Вагондар бейнебақылау және өртке қарсы автоматты жүйелермен, сондай-ақ орталықтандырылған кондиционермен жабдықталған. Жолаушыларға қолайлы болу үшін жарықпен белгіленген есік шығулары, ақпараттық жүгіртпе жол және дыбыстық хабарлау жүйесі қарастырылған. Қос вагонды әрі бір тамбурлы құрылым пойызды бір бригадамен тиімді басқаруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қызмет көрсету процесін оңтайландырып, операциялық шығындарды азайтады.

Жаңа вагондардың жеткізілуі жылжымалы құрамды жаңартуға бағытталған ауқымды бағдарламаның маңызды кезеңі. Бұл бастама отандық өндіруші RWS Wagon компаниясымен тығыз ынтымақтастық пен Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауы нәтижесінде жүзеге асып, Ұлттық тасымалдаушыны жолаушылар талаптарына және қазіргі заман стандарттарына толық сай келетін заманауи вагондармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Railways Systems KZ –Қазақстандағы теміржол машина жасау саласындағы жетекші холдинг. Өндірістік қуаттары Екібастұз және Петропавл қалаларында шоғырланған. Холдинг құрамына жылжымалы құрам мен жолдың үстіңгі қабат элементтерін өндіруге маманданған заманауи кәсіпорындар енеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ – Қазақстан бойынша және шетелге жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін ұлттық теміржол операторы. Жыл сайын компания 13,5 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда оның вагондар паркінде 2 225 бірлік техника бар, оған Тальго құрамдары, стандартты жолаушылар вагондары және электропойыздар кіреді. 2022 жылдан бері компания жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңарту бағдарламасын іске асырып келеді. Бүгінгі таңда паркінің 50 пайыздан астамы жаңартылды. 2030 жылға дейін тағы 657 жаңа вагон жеткізу жоспарланған. Олардың қатарында швейцариялық Stadler компаниясының және отандық ЗИКСТО зауытының заманауи өнімдері бар. Цифрлық трансформация – компанияның басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда жолаушылар билеттерінің 80 пайыздан астамы онлайн рәсімделеді. Сонымен қатар, «Күту парағы» қызметі де кең қолданысқа ие: 2025 жылдың басынан бері бұл сервисті 182 мыңнан астам жолаушы пайдаланған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды