Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды

Жолаушылар тасымалы
26.06.2026, 10:00
Оқуға 2 мин

Жазғы жолаушылар легінің артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша қатынайтын төрт Тальго пойызының құрамына вагон-мейрамханаларды іске қосты. Бұл жолаушыларға жол бойында сапалы тамақтану қызметін ұсынып, сапар жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жазғы маусымда қосыша вагон-мейрамханалар келесі бағыттарда қызмет көрсетеді:

  • №254/253 Астана (Нұрлы жол) – Достық;
  • №211/212 Алматы-2 – Достық;
  • №207/208 Алматы-2 – Достық;
  • №231/232 Алматы-2 – Семей.

Вагон-мейрамхана мәзірінде ыстық тағамдар, сорпалар, салаттар, бәліштер, десерттер мен түрлі сусындар ұсынылады. Сондай-ақ, балаларға арналған арнайы мәзір қарастырылған. Ас түрлері жолаушылардың сұранысы мен талғамына сай іріктеліп, жол үстінде сапалы әрі жайлы тамақтануға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Тальго пойыздарындағы ToiPass вагон-мейрамханалары арқылы тағамдарды тікелей купеге тапсырыс беру қызметі жұмыс істейді. Ол үшін WhatsApp желісі арқылы +7 771 761 4099 нөміріне хабарлама жіберу немесе жолсерікке жүгіну жеткілікті. Тапсырыстар күн сайын 08:00-ден 24:00-ге дейін қабылданады.

Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушының 51 бағыты бойынша жолаушыларға тамақтану қызметі ұсынылады. Оның ішінде:

  • Тальго пойыздарында – 23 вагон-мейрамхана;
  • фирмалық пойыздарда – 10 вагон-мейрамхана;
  • стандартты пойыздарда – 11 вагон-мейрамхана;
  • 7 вагон-буфет қызмет көрсетеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға ұсынылатын сервисті тұрақты түрде жетілдіріп келеді. Пойыздардағы тамақтану қызметін дамыту – компанияның қызмет көрсету сапасын арттыруға және жолаушылардың жол үстіндегі жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған басым міндеттердің бірі.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды