Пойыздағы санитарлық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жасыратыны жоқ, әлеуметтік желілерде пойыздарда тарақан немесе бүрге сынды жәндіктердің анықталғаны туралы жолаушылардың шағымдары кездесіп жатады. Әрине мұндай жағдайлар тек Ұлттық тасымалдаушының пойыздарына ғана емес, елімізде қызмет көрсететін 13 жеке тасымалдаушының пойыздарына да қатысты болуы мүмкін.

Егер «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында жәндіктер анықталса, жауапты қызметтер бірден тиісті шараларды қабылдайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитарлық қағидаларға сәйкес әрбір жолаушылар вагоны рейске шығар алдында міндетті түрде санитарлық өңдеуден өтеді.  

Компанияда жолаушылардың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңдеудің үш түрі тұрақты жүргізіледі: Дезинфекция – әр рейс алдында жүргізіліп, жұқпалы ауру қоздырғыштарын жоюға және олардың таралуының алдын алуға бағытталған.  

Дезинсекция – жәндіктерді жоюға арналған арнайы өңдеу. Оның барысында кенелер, бүргелер, биттер, масалар, шыбындар, құм шыбындары, құмырсқалар, тарақандар және қандалалар секілді зиянкестерге қарсы шаралар қабылданады. Дезинсекция айына кемінде бір рет, сондай-ақ эпидемиологиялық қажеттілік туындаған жағдайда қосымша жүргізіледі.  

Дератизация – кеміргіштердің пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған кешенді санитарлық шара. Айына кемінде бір рет және қажет болған жағдайда қосымша жүргізіледі.

Әрбір санитарлық өңдеуден кейін вагондардың жай-күйі міндетті түрде тексеріледі. Егер жәндіктер қайта анықталса, вагон қосымша өңдеуден өткізіледі. Қажет болған жағдайда мәселе толық шешілгенге дейін вагонның пайдалануға шығу мерзімі кейінге шегеріледі.  

Санитарлық өңдеу жұмыстарын «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалдары осы қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.  

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы қызмет көрсету сапасы немесе санитарлық жағдай бойынша жолаушылар WhatsApp желісіндегі +7 776 714 5686 нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ әр вагонда орналастырылған QR-кодты сканерлеу арқылы WhatsApp чатындағы операторға тікелей өтініш жолдауға мүмкіндік бар.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады