Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 19 қыркүйектен бастап пойыз билеттеріне күзгі жеңілдік ұсынады. Жолаушылар бірқатар бағыт бойынша белгілі бір вагондарға билетті 20%-дан 30%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды Rail-newskz.
Жеңілдіктер дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:
1. №77/78 «Алматы – Маңғыстау»
Вагон түрі: купе
Жеңілдік: 20%
2. №9/10 «Астана – Алматы»
Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон
Жеңілдік: 30%
3. №67/68 «Астана – Өскемен»
Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон
Жеңілдік: 30%
4. №65/66 «Астана – Қызылорда»
Вагон түрі: туристік (купе)
Жеңілдік: 25%
5. №11/12 «Алматы – Шымкент»
Вагон түрі: туристік (купе)
Жеңілдік: 20%
6. №25/26 «Алматы – Шымкент»
Вагон түрі: туристік (купе)
Жеңілдік: 20%
Жеңілдік мөлшері таңдалған пойыз бен вагон түріне байланысты. Арнайы ұсыныс 19 қыркүйектен бастап дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін жоғарыда көрсетілген пойыздарға қолданылады.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы және теміржол вокзалдарының билет кассаларында сатылады.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.