Болашақ станциясында пойыздар саны артқан

Биыл жыл басынан бергі бес ай ішінде Болашақ станциясынан 302 пойыз жөнелтіліп, Түрікменстаннан 307 пойыз жүк келген.

Станция бастығы Мақсат Нұрбековтің айтуынша, былтырғы дәл осы аралықтағы көрсеткішке қарағанда Түрікменстан елінен келетін пойыздар 27-ге артқан. Ал Қазақстаннан түрікмендерге тапсырылған пойыздар 10-ға ғана көбейіпті.

– Мемлекетаралық түйісу нүктесі болып саналатын Болашақ станциясында теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтай отыра, тасымалдың барлық түрлерін өз деңгейінде жүзеге асыруға атсалысуда, – дейді станция бастығы.

Жүк түрлеріне келер болсақ, биыл осы кезеңде ең көп жөнелтілген жүк бидай болған, өткен 5 айда барлығы 2948 вагон бидай жіберіліпті. Одан кейінгі орында 1114 вагон бидай ұны, 387 вагон қара металл, 285 вагон дәнді дақылдар тұқымы, 147 вагон құбыр, 111 вагон этил спирті, 105 вагон құрылыс өнімдері, 85 вагон пиломатериалдар, сонымен қатар 62 вагон жеңіл автокөлік, 80 вагон залалсыздандыру аппараттары, асбест, агрегаттар, бұрғылау қондырғылары, жүгері, асбұршақ дәндері, картоп, автомобиль майлары, макарон өнімдері, сұлы және тағы да басқалары тұр.

Ал елімізге Болашақ арқылы келіп жатқан жүк түрлеріне келер болсақ, бос вагондардан бөлек 217 вагон кептірілген жемістер ең көп келген. Сонымен қоса 88 вагон шыны ыдыстар, 28 вагон полипропилен, полиэтилен, жуу пастасы, мұнай коксы, желім, мандарин, мотор майлары, жиһаздар, пластмасса өнімдері, мрамор өнімдері, автобөлшектер, битум, Джут талшығы, қыша және тағы басқа бұйымдар мен азық-түлік және құрылыс материалдарының түрлері тасымалданған. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады