Тоғыз бала тәрбиелеп отырған теміржолшылар әулеті

ҚТЖ келбеті / Бейнелер
13.09.2022, 09:31
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде «Отбасы күні» аталып өтеді. Осы мерекеге орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамында еңбек ететін тоғыз балалы ерлі-зайыпты теміржолшылар Талғат пен Жібек Ермағамбетовтер отбасына құрмет көрсетілді.

 Теміржолшылардың орталық ғимаратында орналасқан музейді аралап, журналистерге сұхбат берген Талғат пен Жібек үш ұл, алты қыз тәрбиелеп отыр. Жарық дүниеге тоғыз бала әкелген Жібектің өзі қырықтан асса да, жас келіншектей құлпырып тұр, тал бойында бір мін жоқ, ақ жүзі әжімнен ада. Керісінше, әр бала көркем келбетіне одан сайын ажар сыйлап, жасарта түскен тәрізді.  

Отбасының тұңғышы 21 жастағы Еркеназдың бұл күнде өз отауы бөлек, екі сәбиі бар. 2018 жылы «Астана аруы» атанған, мамандығы дизайнер. Одан кейін үйелмелі-сүйелмелі үш ұл қатар өсіп келеді. Нұрсұлтан Түркияның Измир қаласындағы жоғары оқу орнына өз күшімен оқуға түсіп, инженер-технолог мамандығы бойынша білім алуда. Әділет Тұран колледжінде архитектор мамандығына оқып жатыр. Үшінші ұл Арсен 9-сынып оқушысы, футбол ойнайды. Одан кейін Нұрсая, Айзере, Майра, Бексана атты болашақ арулар өсіп келеді. Ал отбасының сүт кенжесі, еркетотай Ақкерім төрт жаста.  

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қазақ әйелінің протатипі сынды кейіпкеріміз бала туып, оны бағумен отырып қалмай, алған жоғары білімімен теміржолда тер төгіп жүр. Ұлттық компанияда жұмыс істеп жатқанына биыл 15 жыл. Қазір «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де бухгалтер. Демалыс күндерін бала-шағаға арнап, үй тірлігімен айналысатын Жібектің өмірге еш өкпесі жоқ. Балаларының тәтті қылығы, шат күлкісі шаршағанын, өмірдің қымбатшылығы мен қиындықтарын ұмыттырып жіберетінін айтады. Оның үстіне, өмірдің қызығы мен шыжығын бірге көріп, бірге бөлісуге серт берген адал жары – азаматының қолдауы да Жібектің жүзіне кірбің түсірген емес.  

Ал осындай үлкен де жарасымды жанұяның отағасы Талғат Ермағанбетов «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Магистральдық желі дирекциясы филиалында заңгер болып жұмыс істейді. Теміржол саласында қызмет еткеніне 12 жыл.

– «Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз бекер айтпаған шығар. Әр бала өмірге өз несібесімен келеді. Сондықтан көп балалы болудың қиындығынан қызығы мол. Қазір қымбатшылық заман екені рас. Бірақ,Үкімет тарапынан да көп балалы отбасыларына түрлі жеңілдіктер, азды-көп материалдық қолдаулар көрсетіліп жатыр ғой. Жақында Президент халыққа жолдауында балаларға арналған инвестициялық қор құрылып, ұлттық қордан әр балаға кәмелет жасқа толғанша ақша аударылып тұратынын айтты. Мұның бәрі Қазақстан халқы санының өсуіне, отбасы құндылығы артатынына сенім ұялатады. «ҚТЖ» компаниясында да Ұжымдық шарт шеңберінде көпбалалы отбасыларға қолдау-көмек бар. Теміржолда жұмыс істегеніміздің арқасында елордадағы «Saranda» тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтер алдық. Әрине, 25 жыл төлемақысын жүргіземіз. Бірақ өз баспанамыздың болғаны – көңілімізге медеу, – дейді көп балалы әке.  

Ынтымақ пен ауызбіршілік үстемдік еткен жанұяда жарасымды жұптың тәрбиесін алып өсіп келе жатқан балапандардың келешегі кемел боларына сеніммен қарайсың.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті