Отбасында қалыптасқан қасиет

Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорданың Арал теңізі станциясының жүк қабылдап-тапсырушысы Маржан Ақпаева – теміржол саласында бірнеше буын алмасқан атақты Шүреновтер әулетінің өкілі. Көпбалалы ана жұмыс пен отбасы тіршілігін қатар игеріп, еңбекқорлығымен көпке үлгі болып келеді.

Әріптестері Маржанды тек кәсіби маман ғана емес, отбасының тірегі, бес баланың ардақты анасы ретінде де құрмет тұтады. Ал Маржанның айтуынша, теміржол – бұл тек жұмыс емес, бұл – өмір мектебі, тәртіп пен жауапкершілік, тұрақты табыс көзі сынды игілікті қағидалардың тінімен көмкерілген сала.  

– Теміржолшылар отбасында өскен Маржан үшін станциядағы жұмыс таңсық емес, алғашқы күннен бастап өзін нағыз маман ретінде көрсете білді. Қазір ол тек өз ісінің шебері ғана емес, студенттер мен жас мамандар үшін тәлімгер ұстаз болып отыр, – дейді Арал теңізі станциясы бастығының орынбасары Наурызбек Жұмабаев.  

Маржан Жеңісқызы 1990 жылы осы Арал ауданында дүниеге келген. Мектептен кейін Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне түсіп, оны бітірген соң Арал теңізі станциясына жүк қабылдап-тапсырушы болып орналасқан күннен бері он жылдан аса уақыт өтіп те кетіпті. Осы уақыт ішінде нағыз теміржолшы болып қалыптасып үлгерді. Әрбір вагонның құжаттарын мұқият тексеріп, жүктің дұрыс қабылданып, уақытылы жөнелтілуін қадағалайтын әдеті – бала кезден отбасында әке тәрбиесімен қалыптасқан қасиет. Сосын қызметін атқара жүріп, кәсіби шеберлігін де үнемі жетілдіріп отырады. Бұл да теміржолшы әулет ұстанған қағиданың бірі.  

– Өткен ғасырда атам мен әжем теміржол саласында ұзақ жылдар еңбек еткен. Әкем Жеңіс машинист болды, бауырлары да түгел теміржолшылар. Осындай еңбекқор әулетте өскен мен үшін де теміржол өте ыстық. Осы саланы, өз кәсібімді жақсы көргендіктен шығар, станцияға практикадан өтуге келген студенттерді қуана-қуана қамқорлығыма алып, білгенімді үйретемін. Болашақ теміржолшыларға таңдаған мамандығының маңызын, жауапкершілігін және абыройын көрсетіп, теміржолшылардың нағыз тұлға екенін көрсетуге күш саламын, – дейді теміржолшылар әулетінің жарқын өкілі Маржан Жеңісқызы.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті